COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Институт құрылымы / СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

МҰҚАШЕВ НҰРЛАН ТЕМІРБАЙҰЛЫ

Студенттер үйінің директоры

Байланыс телефоны: +7 776 672 0021

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

 

  

Студенттер үйі

  Суреттер

 

Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында университет ұжымының шешімі бойынша 2018 жылдың 26 қарашасында қала орталығында орналасқан «Тараз» қонақ үйі кешені студенттік жатақхана үшін реконструкциялау арқылы – 430 млн. теңгеге сатып алынды. 2019-2020 оқу жылында жалпы ауданы 7 130,6 ш.м. болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді.
Студенттер үйі ХТИИ студенттерінің танымдық, мәдени және әлеуметтену орталығы болып табылатын заманауи үлгідегі кешен. Студенттер үйі ХТИИ студенттерінің барлық қажеттіліктерін бір орталықтан алуына толық мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін түрлі нысандардың қызметі жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Студенттер үйінде студенттерге қызмет көрсететін нысандар:
Электрондық оқу залы (тәулік бойы жұмыс істейді);
Коворкинг орталығы (бизнес-тренингтер мен шеберлік кластарын, интеллектуалды ойындар мен пікірсайыстар өткізуге, ағылшын тілін үйренуге арналған);
«Cinema Hall» кино залы;
Видео студия (Оn-line семинарлар мен вебинарлар өткізуге арналған)
Конференц-залы;
Студенттік асхана;
«Адалдық дүкені»;
Кофейня (бос уақытта демалып, өзара пікір алмасу үшін);
2 қабатты душ бөлмесі;
гимнастика залы;
студенттердің сұлулық салоны;
шағын футбол алаңы;
қызығушылығы бойынша үйірмелер мен клубтар.

Студенттер үйінің мақсаты:
Студенттер үйін тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
Студенттер үйінде тұру үшін қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасау;
идеологиялық және тәрбие жұмысын жүзеге асыру; Студенттер үйі тұрғындарына педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсету.

Студенттер үйінің міндеттері:
Студенттер үйі тұрғындарының тұрғын-жай және мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
Студенттер үйі тұрғындарының ішкі тәртіп және Студенттер үйі Ережесінің сақтауын қамтамасыз ету;
Студенттер үйі тұрғындарымен идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оларды педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру;
тұрғын-жай және мәдени-тұрмыстық қызметтерді жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, эстетикалық безендіру, іргелес аумақты абаттандыру.

 

Студенттер үйінде студенттерге қызмет көрсететін нысандар:

 

Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметік бастамасы» халыққа үндеуінің «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасын Жамбыл облысы бойынша алғашқы қолдағандардың бірі 5 мыңнан астам студенті бар білім ордасы – Халықаралық Тараз инновациялық институты болды. Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында университет ұжымының шешімі бойынша 2018 жылдың 26 қарашасында қала орталығында орналасқан «Тараз» қонақ үйі кешені студенттік жатақхана үшін реконструкциялау арқылы – 430 млн. теңгеге сатып алынды. Ғимараттың 6 қабатының күрделі жөндеу жұмыстарына 310 млн. теңге қаржы жұмсалды. 2019-2020 оқу жылында жалпы ауданы 7 130,6 ш.м. болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді. ХТИИ студенттерінің танымдық, мәдени және әлеуметтену орталығы болып табылатын заманауи үлгідегі ХТИИ Студенттер үйі республикадағы жоғары оқу орындарының студенттік жатақханалары арасында алдыңғы қатарды иеленетіні сөзсіз. Студенттер үйінің тұрғындары үшін түрлі нысандардың қызметі жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

 

Студенттер үйінде студенттерге қызмет көрсететін нысандар:

Электрондық оқу залы (тәулік бойы жұмыс істейді); ·

Коворкинг орталығы (бизнес-тренингтер мен шеберлік кластарын, интеллектуалды ойындар мен пікірсайыстар өткізуге, ағылшын тілін үйренуге арналған);

«Cinema Hall» кино залы;

Видео студия (Оn-line семинарлар мен вебинарлар өткізуге арналған)

Конференц-залы; 

Студенттік асхана;

«Адалдық дүкені»; Кофейня (бос уақытта демалып, өзара пікір алмасу үшін);

2 қабатты душ бөлмесі;

гимнастика залы;

студенттердің сұлулық салоны;


шағын футбол алаңы. 

Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қызығушылығы бойынша үйірмелер мен клубтар жұмысы істейді. Бір ерекшелігі кофейня мен сұлулық салонында студенттердің өздерінің жұмыс істеп, бизнес жасауға үйренуге мүмкіндіктер жасалады. Студенттер үйі ХТИИ студенттерінің барлық қажеттіліктерін бір орталықтан алуына толық мүмкіндік жасайды.

Құжаттар

 

Студенттік жатақхана ережелері 

Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжаты

Келсім шарт

Келсім шарт 18 жасқа толмағандарға

Рұқсатнама

Студенттер үйі

Өтініш