ШЫРАҚБАЕВ АБАЙ БЕГЕНДІКҰЛЫ

Шырақбаев Абай Бегендікұлы, 19 қаңтарда 1979 жылы туған, ұлты-қазақ физика-математика ғылымдарының кандидаты. 1996 жылдан  2000 жылға  дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз  мемлекеттік университетінің жаратылыстану ғылымдары  факультетінде оқыды. Оқу орнын тамамдағаннан кейін оқу орнына «Теориялық математика» кафедрасына стажер-оқытушы болып қалдырылды. 2000 жылы желтоқсан айында профессор М.Б.Мұратбековтың жетекшілігінде күндізгі аспирантураның 01.01.02- "Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика" күндізгі бөліміне оқуға қабылданды. Аспирантураны 2003 жылы бітіргеннен кейін «Теориялық математика» аға оқытушы қызметіне қалдырылады. 2004 жылы ТарМУ және ТарМПИ екіге бөлінгеннен кейін «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасына аға оқытушы болып ауысты. 2005 жылдан бастап 2010 жыл аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институының «Математика және математикалық моделдеу» кафедрасына аға оқытушы болып жұмысқа қабылданады

Аспирантураны бітіргеннен кейін 2004 жылдың сәуір айынан   2005 жылға дейін.  Тараз мемлекеттік университетінде "Математика және математиканы оқыту әдістемесі" кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарады. 2005 жылдың қыркүйек айынан   2010 жылдың қыркүйек айына дейін Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Тараз  институтының  "Математика және математикалық моделдеу"  кафедрасының  аға оқытушысы болып  жұмыс істеді.  2009 жылы профессор ф.-м.ғ.д. М.Б.Мұратбековтың жетекшілігімен «О гладкости решений и спектральных свойствах одного  класса вырождающихся эллиптических уравнений» тақырыбында "Физика-математика ғылымдарының кандидаты" ғылыми дәрежесін қорғап шықты.   

40 жуық ғылыми-әдістемелік мақалалар жариялаған. Соның ішінде соңғы 5 жылда 10 мақаласы әртүрлі конференцияларда және Web of Science, Scopus басылымдарында жарияланды.
Білім және ғылым министрлігінің құрамында ЖОО аттестациялаудан өткізді.
2017 жылдың қыркүйек айынан 2020 жылдың қаңтар айына  дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде  жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап Халықаралық Тараз инновациялық институтында жұмыс істейді.