COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет

СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

Студенттер үйі

Өтінімдер 28-31 тамыз аралығында қабылданады.
Студенттер үйіне орналасу 1 қыркүйектен басталады.

Студенттер үйіндегі орын саны шектеулі.
Орындар ең алдымен 1-курс студенттеріне беріледі. 2, 3 және
4 курс студенттері одан кейін қарастырылады.

Құжаттар тізімі  
  • Өтініш өтініш үлгісін жүктеу
  • Жеке куәлік көшірмесі
  • Тұрғылықты мекен-жай анықтамасы
  • Факультетте оқитынын растайтын анықтама
  • Төлемақы туралы түбіртек (4 айға)
  • Екпе алу паспорты анықтамасы( 18 жас )
  • Сурет 3х4 – 4 дана
  • Жеке іс папкасы (скоросшиватель)

Студенттер үйі туралы толық ақпарат

 

Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында институт ұжымының шешімі бойынша 2018 жылдың 26 қарашасында қала орталығында орналасқан «Тараз» қонақ үйі кешені студенттік жатақхана үшін реконструкциялау арқылы – 430 млн. теңгеге сатып алынды. 2019-2020 оқу жылында жалпы ауданы 7 130,6 ш.м. болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді. Студенттер үйі ХТИИ студенттерінің танымдық, мәдени және әлеуметтену орталығы болып табылатын заманауи үлгідегі кешен. Студенттер үйі ХТИИ студенттерінің барлық қажеттіліктерін бір орталықтан алуына толық мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін түрлі нысандардың қызметі жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
 
Студенттер үйінде студенттерге қызмет көрсететін нысандар:

- Электрондық оқу залы (тәулік бойы жұмыс істейді);
- Коворкинг орталығы (бизнес-тренингтер мен шеберлік кластарын, интеллектуалды ойындар мен пікірсайыстар өткізуге, ағылшын тілін үйренуге арналған);
- «Cinema Hall» кино залы;
- Видео студия (Оn-line семинарлар мен вебинарлар өткізуге арналған) Конференц-залы;
- Студенттік асхана;
- «Адалдық дүкені»;
- Кофейня (бос уақытта демалып, өзара пікір алмасу үшін);
- 2 қабатты душ бөлмесі;
- Гимнастика залы;
- Студенттердің сұлулық салоны;
- Шағын футбол алаңы;
- Қызығушылығы бойынша үйірмелер мен клубтар.
 
Студенттер үйінің мақсаты:

Студенттер үйін тиімді пайдалануды ұйымдастыру; Студенттер үйінде тұру үшін қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасау; идеологиялық және тәрбие жұмысын жүзеге асыру; Студенттер үйі тұрғындарына педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсету. Студенттер үйінің міндеттері: Студенттер үйі тұрғындарының тұрғын-жай және мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру; Студенттер үйі тұрғындарының ішкі тәртіп және Студенттер үйі Ережесінің сақтауын қамтамасыз ету; Студенттер үйі тұрғындарымен идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оларды педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру; тұрғын-жай және мәдени-тұрмыстық қызметтерді жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, эстетикалық безендіру, іргелес аумақты абаттандыру.

 

СанатыҚажетті құжаттар
1 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар Білім алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, ата-анасының қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі, соттың шешімі (егер ата-ана бала тәрбиесінен бас тартқан жағдайда), әкімшілік шешімінің көшірмесі
2 І курсқа қабылданған «Алтын белгі»иегерлері Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары
3 Президенттік, халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалармен зияткерлік конкурстардың жеңімпазынемесе жүлдегерінің сертификаты бар білім алушылар Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары
4 Даму мүмкіндіктері шектеулі, мүгедектер мен бала кезінен мүгедек білім алушылар Жеке куәлік көшірмесі, білім алушының мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі
5 Ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын білім алушылар Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі, ата-анасының біреуінің мүгедектігі туралы анықтама
6 Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қандастар қатарындағы білім алушылар Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қандас туралы растау құжаты
7 Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша І курсқа қабылданған жоғары балл иегерлері Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары
8 Білім туралы растайтын құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар ұйымды үздік бітірген талапкерлер Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары
9 Шетел азаматтары Білім алушының паспортының көшірмесі
10 Өзге облыстар мен шалғай аудандардан келген білім алушылар Студенттің жеке куәлік көшірмесі, анықтама e.gov.
11 Оқу, ғылым және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелерге жеткен білім алушылар Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары