КЕМБАЕВА АЙНҰР ТҰРАРҚЫЗЫ

Кембаева Айнұр Тұрарқызы – 1999-2003 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Әлем тілдері» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік аяқтаған; 

2004 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Филология» мамандығы бойынша магистратурасын үздік аяқтаған. Ф.ғ.д., профессор, Мемлекетік сыйлықтың иегері М.Мырзахметұлының жетекшілігімен «М.Х.Дулатидың «Жаһаннама» дастанының көркемдік-тақырыптық ерекшелігі» тақырыбы бойынша магистрлік диссертациясын қорғап, филология магистрі дәрежесін алды; 

2004-2009 жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы; 

2009-2011 жж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Филология» кафедрасының аға оқытушысы; 

2011 жылдан «Шерхантану» орталығының директоры қызметін атқаруда; 

2013 жылы – Аймақтық Менеджмент Академиясының доценті; 

2016 жылы – Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. 

Өзінің педагогикалық және ғылыми шығармашылық жолында 40-қа жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланып, жарыққа шықты. Оның ішіндегі ең бастылары: 2006 жылы жарыққа шыққан «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» атты көмекші оқу құралының, 2017 жылы Қазақстанда тұңғыш рет жарыққа шыққан «Шерхантану» атты оқу құралының авторы, «Қазақтың 

Шерағасы» атты көптомдық шығармалар жинағының (11 том) редакциялық алқасының негізгі мүшелерінің бірі.