COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференциясы

Халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференциясы

2021 жылдың 6 мамыр күні Халықаралық Тараз инновациялық институты ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, "Еуразия" Халықаралық экономикалық академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлының 70 жылдығына арналған "Цифрлық экономиканы қалыптастыру дәуіріндегі жоғары білім беру, бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін трансформациялау" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференциясын өткізді.

ХТИИ-де өткен конференция бағдарламасына сандық экономиканы қалыптастыру жағдайында жоғары мектептің және бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша баяндамалар енгізілді.

Конференция жұмысына М.Ломоносов атындағы ММУ, Корфанто атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университеті (Польша), Украина Мемлекеттік химия-технологиялық университеті, Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық-экономикалық университеті, алыс және жақын шетелдердің (Ресей, Польша, Литва, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) және басқа да жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ білім беру, зерттеу ұйымдарының практикалық қызметкерлері, бизнес-құрылымдардың (коммерциялық банктердің директорлары) және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Конференция 4 секция бойынша жұмыс жасады, оның ішінде: «Жоғары білім беру жүйесін цифрландыру: проблемалар, басымдықтар, перспективалар»; «Цифрлық экономика жағдайында бухгалтерлік есепті трансформациялау»; «Цифрландыру кезеңінде аудиторлық қызметті реформалау»; «Цифрлық экономика және оларды шешудегі қаржы-экономикалық және басқару аспектілерінің маңызы». Конференция барысында барлығы 126 ғылыми баяндама оқылды.

Баяндамалар сериясы Қазақстан экономикасының цифрлық трансформациясы дәуірінде бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыру жүйесіне және жоғары мектепті цифрландыруға көшуге арналды. Материалдар жинағы ғалымдарға, мамандарға, оқытушыларға, магистранттар мен студенттерге арналған.

Конференция онлайн режимінде ZOOM платформасында өтті.