COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / ФАКУЛЬТЕТТЕР / "Экономика және бизнес" факультеті

"ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС" ФАКУЛЬТЕТІ

КУАТБЕКОВ ЖАРАС АЛПЫСБАЕВИЧ

Факультет деканы, PhD, и.о. доцента

Байланыс телефоны: +7 777 782 88 22

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Мекен-жайы:  Желтоқсан көшесі, 69Б

Facebook, Instagram 

 

 

Факультет туралы

  

«Экономика және бизнес» факультеті оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік бағыттарда білім беру қызметін үнемі бірге алып жүреді. 

Бүгінгі таңда факультет келесі кафедралардан тұрады:

- «Экономика және басқару» кафедрасы;

- «Қаржы және есеп» кафедрасы.

Факультетте 30-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, оның ішінде 3 PhD, 2 ғылым докторлары, 10-дан астам ғылым кандидаттары мен 10-ға жуық ғылым магистрлері бар. Сонымен қатар қосымша қызметте өндіріс орындарынан және сала бойынша мемлекеттік мекеменің білікті мамандары жұмыс жасайды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы әрдайым ғылыми-зерттеу нәтижелерін отандық және шетелдік басылымдарда жариялап отырады.

Факультетің профессорлық оқытушылық құрамы (бұдан әрі – ПОҚ):Ж. Қуатбековтің, М. Нұрғабыловтың, Қ. Тастанбекованың, А. Сарсенованың, Е.Есперовтың қазіргі таңға дейін «Scopus» базасына кіретін бірнеше мақалалары жарияланып Хирш рейтингтері үнемі жоғарылап отырады.

Институтымыздың ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында факультеттің профессор-оқытушылар құрамы ҚР ҒЖБ қаржыландыратын ғылыми жобалар конкурстарына қатысып тұрады. 2023-2024 оқу жылы АҚШ консулдығының арнайы грантының иегерлері атанған 3 оқытушыларымыз бар, олар: Ж. Куатбеков, М.Нұрғабылов, Қ. Тастанбекова. Гранттық қаржыландыру аясында АҚШ-ның «Небраска-Линкольн Университетімен» бірлескен жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар факультете «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдама өтіп келген 2 оқытушыларымыз бар. Олар: «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Ж. Саркулова (Болгария мемелекетінде 1 жылдық тағылымдамадан өткен) және «Экономика және басқару» кафедрасының доценті, PhD докторы М. Нұрғабылов (Болгария мемелекетінде 6айлық тағылымдамадан өткен).

Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары" Ж.Куатбеков (2019ж.), А. Сарсенова (2009ж.), Қ. Тастанбекова (2009ж.), С. Тажибаев (2007ж) және т.б. Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдары жұмыс істейді.

Факультетте білікті ПОҚ ғана емес студенттеріміз де белсенділігімен ерекшеленеді. Мысалы, 2023-2024 о.ж. әлемдік «Coursera» білім беру платформасында онлайн курстар арқылы 10 аса оқытушылар мен 25 аса студенттер қосымша білім алуда.

Факультетте даярланатын білім беру бағдарламалары

Факультетте 12 білім беру бағдарламаллары бойынша оқыту жүзеге асырылады: бакалавриат – 5, магистратура – 7. 

Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша:

«Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент: Адам ресурстарын басқару», «Қаржы», «Есеп және аудит»салаларындамамандардаярлайды.

Магистратура білім беру бағдарламалары бойынша:

«Экономика» (1 жылдық – бейіндік бағыт бойынша және 2-жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт ), «Мемлекеттікжәнежергіліктібасқару»(1 жылдық – бейіндік бағыт бойынша және 2-жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт ), «Менеджмент: Адам ресурстарынбасқару»(1 жылдық – бейіндік бағыт бойынша және 2-жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт ), «Қаржы» (2-жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт) мамандықтар бойынша оқытылады. 

Студенттердің жетістіктері

Факультетте дайындалып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша аудиториялар, зертханалар, әдістемелік кабинеттер бар. Факультеттің барлық оқытушылары ғылыми зерттеулер мен айналысады және ұлттық және халықаралық ғылыми конференцияларда, журналдарда мақалалар жариялайды, түрлі студенттік ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, жарыстарға, сондай-ақ өңірлік, республикалық, халықаралық жарыстарға, спорттық жарыстар мен сыйлықтарға ие.

Мысал ретінде бір ғана студентіміздің жетістігін айтар болсақ 2022 жылдың қыркүйек айында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Намелбек Азамат Намелбекұлы Қазақстан Республикасы «Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі» жариялаған бизнес бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсында, «ЭкоӘлем» бизнес жобасын қорғап, 30 гранттың бірін жеңіп алды. 2022 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында студент А.Намелбек Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Қыдырәлі Дарханның 3 миллион теңге грантымен марапатталды.

 

Деканат

 

  Асемова Риза Данкибековна

  Есеп және аудит ғылымдарының магистрі

  Оқу ісі-жөніндегі декан орынбасары

  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

  Саркулова Жанар Жаксыбайкызы

  Есеп және аудит ғылымдарының магистрі

  Тәрбие ісі - жөніндегі декан орынбасары

  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

  Жантаева Галия Мыктыбековна

  Қаржы ғылымдарының магистрі

  Ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары

  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

 

  Байназарова Ақбота Исатаевна

  Жаратылыстану ғылымдарының бакалавриаты

  «Экономика және бизнес» факультетінің хатшысы

  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Даталар мен фактілер

 

Факультет тарихы:

«Экономика және бизнес» факультеті 2009 жылы құрылған. Алғаш құрылған кезде атауы «Экономика және құқық» факультеті болған. Факультеттің алғашқы деканы э.ғ.к., доцент Асабай Қалтай Арынұлы болды.

2018 жылы құрылымдық өзгерістердің болуына байланысты факультеттің аты «Экономика және бизнес» болып өзгертілді.

2020 жылдан бастап, «Экономика және бизнес» факультетін PhD, доцент Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы басқарып келеді. Құрамында «Экономика және басқару» және «Қаржы және есеп» кафедралары жұмыс атқаруда. 

Білім алушылар:

Факультеттің білім беру бағдарламалары талапкерлердің сұранысына ие. Соңғы үш жылда олардың сапасы және мазмұны өсті. Бүгінде факультетте 350 аса адам білім алуда, оның ішінде 1-і мемлекеттік білім гранты, 3-і «Қазақстан халқына» гранты, 1-і ректорлық грантының иегерлері. Факультетте халықаралық олимпиадалардың, халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары да оқиды. Факультетте Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдерден келген шетелдік студенттер, сондай-ақ Қазақстанның көптеген облыстарынан: Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбеден келген білім алуда.

Оқытушылар:

«Экономика және бизнес» факультетінде 30-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың ішінде 3 PhD, 2 ғылым докторлары мен профессорлар құрамы, 10-нан астам ғылым кандидаттары, 10-нан астам магистрлер бар. Қазіргі уақытта факультеттің 1 оқытушысы докторантурада оқып жатыр. 

Маңызды іс-шаралар:

2023 жылғы 7 сәуір айында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында "ӘРЕКЕТ-2023" бизнес – стартап жобаларының Республикалық конкурсы өтті.

Байқаудың мақсаты - студенттерді кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы шығармашылық идеяларды анықтау және инновациялық қызметті жандандыру және қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы өздерінің тың идеяларымен таныстыру болып табылады.

Аталған іс-шара аясында менторлар мен қазылар алқасының мүшелері ретінде кәсіпкерлікті дамыту саласына жауапты мемлекеттік органдардың басшылары, белгілі кәсіпкерлерді, сондай-ақ облыс пен өңірдің танымал адамдары шақырылды.

Байқау 2 кезеңге бөлініп өткізілді, яғни:

- бірінші кезең – іріктеу кезеңі (2023 жылғы 20 наурызға дейін, 18:00-ге дейін), өзекті жобаларды анықтау үшін Ш.Мұртаза атындағы "Экономика және бизнес" факультетіне өткізіліп, талапқа сай болған жұмыстар екінші кезеңге жіберілді (жобаға жалпы 100 ге жуық жобалар құжаттарын өткізді, келесі кезеңге солардың 50-і өтті).

- екінші кезең – финалдық кезең (2023 жылғы 7 сәуір, сағат 10:00), жобаларды қорғаудан және жеңімпаздарды марапаттаудан тұрды, Бұл іс-шара институт базасында оффлайн форматта өтті. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп тапқан командалар жүлделі орындарға ие болып тиісті марапаттарын алды.

Сонымен байқау қорытындысы бойынша:

1 орын: "Jetisu Green Volt" командасы (Жетісу колледжі, Алматы облысы, Талдықорған қаласы);

2 орын:

2.1) "BOIAU" командасы (Дулати Университеті, Тараз қаласы);

2.2) "БиоКупол" командасы (Жетісу колледжі, Алматы облысы, Талдықорған қаласы) ;

3. орын:

3.1) "Производство и продажа микрозезений" командасы. (Ақтөбе облысы) ;

3.2) "Виртуалды балабақша веб-сайтын әзірлеу" командасы (Е.Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды облысы);

3.3) "EcoAlem" командасы (Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Тараз қаласы).

Жұмысқа орналастыру:

Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы 70%-ды құрайды.

Кафедралар

 

Білім беру бағдарламалары

 

Бакалавриат:

6В04 - Бизнес, басқару және құқық

6B04101 – Экономика

6B04102 – Есеп және аудит

6B04103 – Қаржы

6B04104 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

6B04105 – Менеджмент: адам ресурстарын басқару

 

Магистратура:

7M04 Бизнес, басқару және құқық

7M04102 – Экономика

7M04104 – Қаржы

7М04107 – Менеджмент: адам ресурстарын басқару

7М04110 – Мемлекеттік және жергілікті басқару