COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы Тәрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.  Әбу Насыр Әл-Фараби Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе – ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек.  Ыбырай Алтынсарин Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.  Абай Құнанбаев

Басты бет / ФАКУЛЬТЕТТЕР / «Шығармашылық мамандықтар» факультеті

«Шығармашылық мамандықтар» факультеті

ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ

«Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы, 

педагогика ғылымдарының кандидаты     

Курманбекова Айгуль Саукымбековна 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

  

Құрманбекова Айгүл Сауқымбекқызы, 15.05.1970 жылы Жамбыл облысында туылған. 

1994 жылы Жамбыл педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығын оқып бітіреді. 

1994-1996 жылдары Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында (ЖТЖЖТӨИ) «Мәдениеттану» кафедрасында «Педагогика және психология» пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарады. 1996 жылы Тараз мемлекттік университетінің «Жалпы педагогика» бөлімі бойынша аспирантураның сырттай бөліміне қабылданады. 1996-1998ж.ж. аралығында ЖТЖЖТӨИ-ның «Мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. 1998-2000ж.ж. аралығында Тараз мемлекеттік университетінің «Әлеуметтану және басқару» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс жасайды. 2000 жылы педагогика ғылымдарынан кандидаттық диссертациясын 13.00.01-«Жалпы педагогика, этнопедагогика және педагогика тарихы» мамандығы бойынша «Формирование нравственных качеств у студентов» тақырыбында қорғап, 2003 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алған. 

2000-2003 жылдары Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық университетітінің Тараз бөлімшесінде «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. 2004-2008ж.ж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 2008 жылы аталған институттың «Педагогика және құқықтану» факультетінің деканы болып қызмет атқарады. 2009 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Педагогика» факультетінің деканы болып жұмыс жасайды. 2010-2011 оқу жылында аталған университеттің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. 2011-2012 оқу жылында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2012-2014 ж.ж. аралығында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Білім-экономика» факультетінің деканы, 2014-2015 оқу жылында «Педагогика» факультетінің деканы, 2015 жылдан осы күнге дейін ТИГУ-дің «Білім» факультетінің, қазіргі уақытты ХТИИ «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы қызметін атқарып келеді. А.С.Құрманбекованың топ кураторларына арналған «Примерное содержание работы куратора» атты әдістемелік нұсқаулығы және 100-ге жуық педагогика және психология ғылымдары бағытында ғылыми мақалалары жарық көрген. Автор өзінің ғылыми мақалаларын SCOРUS, РИНЦ және халықаралық ғылыми-практикалық, республикалық, аймақтық конференцияларда, көпшілік танымдық баспа беттерінде жариялаған. 

Айгүл Сауқымбекқызы республикалық және аймақтық деңгейдегі кәсіби біліктілігін көтеруден өтіп, арнайы сертификаттарға еге болған. Сонымен қатар, 2008 жылы Ғылым және Білім министрі Б.Әйтімованың еліміздің оқу және қоғамдық жұмыстарда және ұрпақ тәрбиелеудегі үлесі үшін арнайы «Алғыс» хатпен марапатталған. 2016 жылы Облыс әкімі К.Көкірекбаевтің ұрпақ тәрбиелеудегі үлесі үшін арнайы «Алғыс» хатпен, 2017 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірінің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін «Алғыс хатпен», 2019 жылы Білім және Ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин төс белгісімен» марапатталған.  

 

«Шығармашылық мамандықтар» факультеті

 

  «Шығармашылық мамандықтар» факультеті педагогикалық ғылымдар бағытындағы: шығармашылық мамандықтар білім беру бағдарламалары бойынша заманауи педагог-кадрларды даярлайды. Атап айтқанда, «Дене шынықтыру және спорт», «Бастапқы әскери дайындық», «Кәсіптік оқыту», «Көркем еңбек және сурет».

«Шығармашылық мамандықтар» факультеті «Білім» факультетінің құрылымдық өзгеруіне байланысты 2020-2021 оқу жылының екінші жарты жылдығында құрылды.

Факультетіміздің атауына сәйкес ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбиелік, спорттық, үйірмелер және т.б. бағыттағы жұмыстар студенттердің бойындағы өзіндік қабілеттерін шығармашылық тұрғыдан шыңдауға бағытталған. Оның дәлелі ретінде факультеттегі даярланатын мамандықтардың студенттері мамандық бойынша Республикалық олимпиадаларға, байқауларға, Халықаралық деңгейдегі жарыстарға, турнирларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Болашақта өз кәсібінің иесі болғысы келген студенттер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткізілетін жобаларға да қатысып, сертификаттарға ие болып жүр.

Студенттеріміздің осындай жетістіктерге жетуі, әрине, факультетімізде қызмет жасайтын білікті, білімді, тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамының арқасында. Факультетіміздің ұстаздары оқу-тәрбие үрдісін қызықты, мазмұнды, шығармашылықпен өткізеді.

Факультет құрамында даярланатын мамандықтарға арналған дәрісханалар, әдістемелік кабинеттер заманауи техникалармен жабдықталған. Сондай-ақ, пәндік үйірмелер де жұмыс жасайды.

Ал, студенттердің бос уақытын тиімді, әрі шығармашылықпен өткізуі үшін оқу ғимараты аумағында керемет нысандар орналасқан.

Позитивті энергия алатын және денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін нысан – Спорт кешені және кіші футбол алаңы. Спорт кешенінде жаттығу залы, гимнастика және тренажер залдары бар. Мұнда барлық студенттің бос уақытта келуіне мүмкіндіктер жасалған.

Оқу ғимаратындағы компьютерлік кластар, асхана, кітапхана, оқу залдарының заманауи тұрғыда ЖОО-ның талаптарына сәйкес жабдықталуы студенттердің сапалы білім алуына мүмкіндік берері анық. Сонымен қатар студенттердің магистратура білім беру бағдарламалары бойынша білімдерін жалғастыруға мүмкіндіктері бар. 

Құрметті Студенттер! Бізге сенім білдіргендеріңізге рахмет! Біздің ЖОО-ның білім беру саласындағы ауқымды жоспарлары мен қойылған нақты мақсаттары бар. Осы мақсаттарға бірге жетейік!

 

Факультеттің жетістіктері