COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы Тәрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.  Әбу Насыр Әл-Фараби Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе – ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек.  Ыбырай Алтынсарин Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.  Абай Құнанбаев

Басты бет / ФАКУЛЬТЕТТЕР / «ЗАҢ» ФАКУЛЬТЕТІ / «АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ» КАФЕДРАСЫ

«АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ» КАФЕДРАСЫ

Kафедра Меңгерушісі

Мен Газаев Асхат Ибрагимұлы 1980 жылы 22 тамыз күні Жамбыл облысы Луговой кентінде дүниеге келдім. Номері 33 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепке 1986 жылы барып, 1997 жылы аталған мектепті тәмәмдадым.

2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығын бітіріп, заңгер біліктілігін алдым.

2008 жылыМ.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, аталған университетті 2010 жылы бітіріп, «құқық магистрі» академиялық дәрежесін  алдым.

2016-2018 жылдары Ч. Храбр атындағы Варна еркін университетінің докторантурасында оқып, "криминология докторы" ғылыми дәрежесін алдым.

2018 жылы ҚР БҒМ № 1641 шешімімен "Құқықтану" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Білім сапасын бағалау мониторингі орталығына инспектор болып жұмысқа орналастым.

2008 жылы Заң факультетінің «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасында ассистент, 2009 жылы аталған кафедрада оқытушы болып қызмет атқардым.

2010 жылы «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасына аға оқытушы қызметіне конкурс арқылы өттім.

2015-2016 ж. ТарМУ Заң факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2016-2017 ж. ТарМУ Заң факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

2017-2019 ж. ТарМУ Заң факультетінің "Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық" кафедрасының меңгерушісі.

2019-2020 ж. ТарМУ Заң факультетінің "Қылмыстық құқық және процесс" кафедрасының меңгерушісі.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ХТИИ "Азаматтық және қылмыстық құқық" кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарудамын.

Үйленгенмін, үш баланың әкесімін.

 

Кафедра құрамы
Кафедра
Құқықтану
Оқытушының аты-жөніҚызметіЕ-mail Мекен-жайы
Байланыс нөмірі
Газаев Асхат Ибрагимович «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасының меңгерушісі Ғылыми дәрежесі: Phd Ғылыми атағы: д.м.а. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-747-912-50-66
Аяганова Айгерим Буркутбаевна Ғылыми дәрежесі: з.ғ.к
Ғылыми атағы: д.м.а.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-701-732-20-79
Ирубаева Айгул Танабуговна Ғылыми дәрежесі: з.ғ.к
Ғылыми атағы: д.м.а.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Сагинбеков Курманбек Сагинбекович Ғылыми дәрежесі: з.ғ.к
Ғылыми атағы: д.м.а.
тел: 8-747-7058595
Алимбекова Мадина Амангельдина Ғылыми дәрежесі: Phd
Ғылыми атағы: д.м.а.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-702-590-82-42
Тулеубаева Гульнур Жақсыбайқызы Ғылыми дәрежесі: Phd
Ғылыми атағы: д.м.а.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-702-403-66-02
Бимбетов Асхат Болатбекович Ғылыми дәрежесі: Phd
Ғылыми атағы: д.м.а.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бектұрғанова Райхан Шубайқызы Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі Ғылыми атағы: аға оқытушы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-708-716-36-86
Акимбаева Айнұр Алимхановна Ғылыми дәрежесі: құқық магистрі Ғылыми атағы: аға оқытушы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-700-664-90-82
Жұманова Ақмарал Серікбайқызы Ғылыми дәрежесі:құқық магистрі Ғылыми атағы: аға оқытушы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-771-591-46-97
Ералиева Жазира Дуйсенбековна Ғылыми дәрежесі:заң ғылымдарының магистрі Ғылыми атағы: аға оқытушы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-778-876-36-11
Ильясова Индира Самидиновна Ғылыми дәрежесі:құқық магистрі Ғылыми атағы: аға оқытушы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-778-147-51-81
Каниева Қарлығаш Ғылыми дәрежесі:заң ғылымдарының магистрі Ғылыми атағы: аға оқытушы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-777-165-44-17
Немеребаева Айгерим Мукатаевна Ғылыми дәрежесі:заң ғылымдарының магистрі Ғылыми атағы: аға оқытушы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-708-127-52-54
Қонысбаев Мадияр Таңатұлы Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі Ғылыми атағы Жамбыл облысы Полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасының полиция мойоры Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел:8-775-338-88-07
Алметов Асхат
Аманкулович
Ғылыми дәрежесі заң ғылымдарының магистрі Ғылыми атағы Жамбыл облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы., полиция подполковнигі  
«АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ» КАФЕДРАСЫ

 

2020-2021 оқу жылынын 2-ші семестрінде Халықаралық Тараз инновациялық институты Ректорының бұйрығымен «Экономика және құқық» факультетінен «Заң» факультеті бөлініп, дербес құрылымдық бөлім болып ашылды. Бұл факультетке қарасты екі кафедра ашылды. Соның бірі «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасы. Бұл кафедарының меңгерушісі ретінде РһD, криминология докторы, д.м.а. А.И. Газаев тағайындалды.

Кафедрада Білім беру бағдарламалары жасалып, 2020 жылғы 23 қаңтар күні   Университеттін ғылыми кеңесінде қарастырылып бекітілді. Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды:

            - 6В04201-Құқықтану «Құқық» бакалавры және магистратура   7М04201-Құқықтану «Заң ғылымдарының магистрі», «Құқық магистрі» мамандарын дайындайды. 6В04201-«Құқықтану» мамандығының және магистратура 7М04201-Құқықтану «Заң ғылымдарының магистрі» білім беру бағдарламасы Университет миссиясына сәйкес жасалған. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. Заманауи талаптарды ескере отырып, ол өзінің кәсіби қызметінде болашақ көшбасшыларды тәрбиелейді.

Кафедраға қарасты білім беру бағдарламаларының студенттері оқу-арнайы, оқу-танысу, өндірістік практикаларын Тараз қаласы №1ПБ, Жамбыл облысы бойынша жедел криминалистикалық басқармасы, Жамбыл облысының Полиция Департаменті, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Жамбыл облысы Әділет Департаментінде өтеді. Аталған мекемелермен келісім шарттар жасалған.

«Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасы жүргізетін пәндерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес «Заң» факультетіндегі материалдық-техникалық базасы едәуір жетілген кафедра болып табылады. «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері үшін кафедраға қарасты криминалистік зертхана 1-1.003 жұмыс жасауда. Бұл зертхана «тұрғын бөлмемен», оқу полигонымен жабдықталған.Оқу полигонының «Тұрғын бөлмесі» қылмыс жасалған орын модельденген, және тануды өткізуге арналған көру айнасымен жабдықталған. Онда студенттер криминалистикалық тактика әдістерін жүзеге асыруды және хаттамалар толтыруды үйренеді. Криминалист чемоданы мен тергеуші чемоданы заттық дәлелдерді алу, саусақ іздерін түсіру, іздерді көшірмелеу үшін қолданылады.

Оқыту сапасын жоғарылату мақсатында полигон «LG» теледидарларымен, «Криминалистика» пәні бойынша қажетті материалдарды көру үшін бейнетаспалармен, «Фоторобот» бағдарламасы еңгізілген мониторлармен жабдықталған.

Сонымен қатар кафедраға қарасты сот залы- 1-1.002 аудиториясы студенттердің білімдерін тәжирибемен ұштастыруға септігін тигізуде. «Сот залы» риторика негіздерін, соттық ораторлық шеберлікті, конфликтологияны, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізуді, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізуді меңгеру үшін жасалған. Қазіргі заманауи талапқа сай жабдықтармен толық жабдықталған оқу сот залында шынайы жағдайға жақын жағдайлар жасау мақсатында жүйелі түрде оқу сот процестері өткізіледі, сонымен қатар осы арнайы жабдықталған аудиторияларда студенттер өзіндік жұмыстары мен зертханалық жұмыстарын жүргізе алады.

Кафедра мамандандырылған ҚР Азаматтық құқық -1-1-303а және ҚР Қылмыстық құқық-1-1.301 аудиторияларымен қамтылған. Бұл аудиториялар заманауи технологиялық құрылғылармен қамтамасыз етліген.

Кафедра халықаралық ынтымақтастық аясында 2021 оқу жылында Еуроодақтын оннан астам Жоғары оқу орындарынын мүддесін білдіретін «Еуропада оқыту форумымен» шартқа отырған. Шарт аясында студенттердің академиялық ұтқырлығы, ПОҚ академиялық ұтқырлығы, халықаралық кәсіби біліктілікті арттыру туралы мәселелер шешілуде.

Қазіргі кезеңде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына білікті мамандар жинақталған. Атап айтатын болсақ: з.ғ.к. А.Б. Аяғанова, з.ғ.к. Ирубаева А.Т,з.ғ.к Сағынбеков Қ.С. РһD Бимбетов А.Б, РһD Алимбекова М.А. және заң ғылымдарының магистрлері Бектұрғанова Р.Ш., Жұманова А.С,Акимбаева А.А, Ильясова И.С., Қайпулдаева А.К, Каниева К.К, Ералиева Ж.Д, Немеребаева А.М.

Профессор-оқытушылар құрамы оқу процесімен бірге ғылыми жұмыстарды да бірге алып жүреді. Мәселен: РһD Газаев Асхат Ибрагимович, з.ғ.к Сагинбеков Құрманбек Сагинбекович, РһD Сәткей Талғат «Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних» (орысша-қазақша) атты әдістемелік құралы, «Культурно-правовое воспитание несовершеннолетних» орысша-қазақша, аға оқытушылар Мусаева Алия Январбековна, Куанышева Индира Керимжановна «Профессиональная этика юриста», Ильясова Индира Самединовна, Акимбаева Айнур Алимхановна, Бектұрғанова Райхан Шубаевна «Іс құжаттарын рәсімдеу», Сборник лекций по дисциплине «Юридическая психология», Бектұрғанова Райхан Шубаевна, Мусаева Алия Январбековна, Ильясова Индира Самединовна, Акимбаева Айнура Алимхановна «Мусульманское право», Куанышева Индира Керимжановна, Мусаева Алия Январбековна,Терликбаева Гүлнұр Рахимжановна «Шетелдердің конституциялық құқығы» атты оқу әдістемелік құралдары жарық көріп, студенттер сабақ барысында қолдануда. Сонымен бірге импакт-факторы бар рейтингті шетел басылымдарда ғылыми мақалаларын жариялауда, олар: The relevance and importance of criminological research on the problems of the legal fight against latent crime in kazakhstan авт: Abdramanova, N.K, Alaukhanov, Y.O,Alimbekova, M.A, Maulenov, D.B, Judicial Control and Prosecutorial Supervision in the System of   Guarantees for Observing the Rights and Freedoms of a Suspect Person авт: Акимбаева Айнур Алимхановна, Дюсенбаев Талгат,Амангельді А.,Балашов Т., Аратұлы К,Телеуев Г.

     Профессор-оқытушылар құрамы тек шет мемлекеттерге емес сонымен бірге Ғылыми Республикалық (ЖАК ҚР) журналдарында мақалаларын жариялауда: Мусаева Алия Январбековна, Асқарбекқызы. Назира: «Жеке мүліктік емес құқықтар және материалдық емес игіліктердің отбасылық қатынастарда реттелуі», «Шетелдердегі неке шарты институтының құқықтық реттелуін талдау», «Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік қатынастарды шартты реттеудің кейбір мәселелері», «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми журнал №11(143) 2020, Акимбаева Айнур Алимхановна, Дюсенбаев Талгат Турашевич, Абдрашев Руслан Муратханович «Понятия хулиганства и развитие законодательства об ответсвенности за него в советском уголовном праве», Мусаева Алия Январбековна, Бектұрғанова Райхан Шубаевна «Договорой режим имущества супругов». Тұрақты түрде Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға   қатысады: «Теоретические основы соотношения и взаимодействия международного и национального права в сфере легализации преступных доходов» авт: А.И. Газаев, Атакулов А.С, « Қылмыстық кодекстегі өлім жазасы мен адамның өмір сүруге деген конституциялық құқығының арақатынасы» авт: А.И. Газаев,Оспанов Ж.Б, «Қылмыстық заңның кеңістікте қолдану мәселелері: халықаралық аспект» А.И. Газаев,Тұрсын Б.Т, «Абайсыздықта жасалатын қылмыстардың жалпы түсінігі» авт: Бөлешов Р, А.И. Газаев,«Вопросы государственной поддержки и совершенствования в развитии малого предпринимательства в Республике Казахстан» авт:Ильясова И.С. Бектұрғанова Р.Ш, «Ислам және әйел мәртебесі» авт. ҚайпулдаеваА,Терлікбаева Г, «Судебная система Казахстана» АкимбаеваА.Қуанышева М, «Вопросы современной уголовно-правовой политики в Республике Казахстан: реалии и перспективы» авт. Бимбетов А.Б.,Тулебаева.

   Студенттердің сабақ білім сапасын жоғарлату және Жамбыл облысы мектептері мен колледждерінің жоғарғы сынып оқушыларының құқықтық білімін жетілдіру мақсатында Жамбыл облыстық Прокуратурасымен келісім шарт жасалды. Бұл келісім шарт бойынша «Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних» и «Права несовершеннолетних» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.