COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ректоры Марат Марат Баяндин және «Академиялық жұмыстар жөніндегі» проректор Акмарал Кадырова бастамасымен ең алғаш рет жас оқытушыларға арналған «Жоғары мектептегі заманауи трендтер» тақырыбындағы "Қысқы мектеп-2023" 05.01-13.01.2023ж. аралығында сәтті өткізілді.Аталмыш курстан жас оқытушылар алған білімдерін өз тәжірбиелерінде қолданып, сабақ беру барысында сәтті қолдана білді.

Институтымыздың профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын жас оқытушылармен толықтырылып отыратынын ескере отыра, сондай-ақ нарықтық сұраныс яғни білімалушыларымыздың талабының бірегейі онлайн оқытуды ендіру болса, осы бағытта оқытушыларымызды институт аралық біліктіліктен кәсіби түрде дайындау міндеті күн тәртібіне қойылды.Осы міндетті іске асыру бағытында «Цифрлық білім: құралдар мен технологиялар» тақырыбындағы "ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024" өз жұмысын 03.01-12.01.2024ж. аралығында өткізгелі тұр.

Мақсаты:
- «Қысқы мектептің» мақсаты институт оқытушыларының цифрлық құзыреттілігін дамыту;
- осы бағдарламаның оқыту модульдері шеңберінде жоғары мектеп педагогінің кәсіби дамуының ғылымы мен практикасының жетістіктері туралы тұтас түсінік қалыптастыру;
- ЖОО-да оқу процесінде заманауи цифрлық, инновациялық білім беру технологиялары мен интерактивті әдістерді қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру.

Міндеті:
- Қысқы мектеп қатысушыларының оқытушының академиялық қызметінің негізін құрайтын жоғары мектептің нормативтік-құқықтық аспектілерін зерделеуі;
- сыни және креативті ойлауды қалыптастыру дағдыларын, білім алушылардың проблемалық міндеттері мен жағдайларын тұжырымдау және шешу қабілеттерін дамыту;
- оқытушының кәсіби өзін - өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;
педагог-шебердің инновациялық идеяларын, авторлық олжаларын, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін дәріптеу;
- оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзыреттілікті қалыптастыру.
Сонымен, "Қысқы мектеп-2024" жоспары барлығы 7 модульді қамтиды:
Модуль 1. Оқытушылық қызметтегі ақпараттық технологиялар;
Модуль 2. Қашықтықтан және онлайн оқыту технологиялары;
Модуль 3. Жоғары мектепте білім беру ресурстары;
Модуль 4. Заманауи цифрлық құзыреттіліктер;
Модуль 5. Білімалушыларды оқыту және бағалау;
Модуль 6. Оқытудың жаңа тенденциялары;
Модуль 7. HR-менеджмент және білімалушыларды қолдау.

‼️Қорытындылай келе, қысқы мектепте шеберлік сыныптарын өткізетін модераторларымызға А.С.Кадырова, Ғ.Б.Ерманова, Г.К.Шомаева, Қ.С.Әбдіғаппаров, К.С.Бактыбаева, Д.А.Ускенбаева, К.С.Таукебаева, Ж.А.Қуатбеков, М.Н.Нургабылов, А.Е.Ботабаеваға сәттілік тілейміз! Ал қатысушы жас оқытушыларымыздан аса зейінділік пен белсенділік күтеміз.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна.