COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024 | МОДУЛЬ 6 Оқытудың жаңа тенденциялары

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024 | МОДУЛЬ 6 Оқытудың жаңа тенденциялары

«Педагогика» факультетіне қарасты «Жалпы педагогика» кафедрасының п.ғ.к. Д.А.Ускенбаева «Оқытудың жаңа тенденциялары» яғни Модуль 6 бойынша және «ЖОО жас мамандырының жұмысындағы soft skills» тақырыбы аясында шеберлік сабағын бастады.

Д.А.Ускенбаева «Soft skills» ұғымының анықтамасымен және түрлерімен таныстырып өтіп, оқытушының назар аударуы тиіс 5 дағдыға кеңінен тоқталды.Тарқатып айтар болсақ: оқыта білу,оқи білу, тындай білу, оқушымен, ата-аналармен қарым-қатынас және байланыс орната білу, топта немесе ұжымда жұмыс жасау және оларды тындай білу, жаңа технологияны қабылдай алу, сыни ойлау, өз пікірін қорықпай айта білу, креативті ойлау, іздене білу, ақпаратты талдай алу, шешім қабылдау, өзін-өзі басқару, эмоцияны сақтай алу, күйзеліспен күрес, қорытынды жасай білу және кері байланыс жасау т.б.

Жоғарыда аталған ұғымдар бойынша оқытушылардың күнделікті өмірімен байланыстырып, мақсат ұғымына және оқу үдерісін жоспарлауда мақсатты дұрыс қоюдың жолдарын көрсетіп берді. Оқытушылар тарапынан қызу пікірлер айтылды, талқыға салынды, тұжырымдар жасалынды.

Д.А.Ускенбаева шеберлік сабағын аяқтай келе оқытушылар арасында сұрақ-жауап жүргізді,қосымша пікірлер айтылды, ой қозғалды. Бірнеше оқытушы өз бойында жене алмай келе жатқан қасиеттерін ортаға салды. Оқытушылар тарапынан кері байланыс жасалынып, шеберлік сыныптан алған тәліммен бөлісті, алғыстарын білдірді.

Сонымен, аталған модуль бойынша бүгінгі күннің шеберлік сыныбын сәтті бастап берген, шеберлік сабағында өзінің педагогикалық мол тәжірбиесімен оқытушылармен шынайы тұрғыда бөлісе білген, сондай-ақ тек қана тақырып аясында қалып қана қоймай әртүрлі жағдаяттарға қарсы тұруға қолдау көрсете білген Джулдыз Амангелдиевнаға зор алғысымызды білдіреміз!