COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ШУ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА ШЕРХАН ИНСТИТУТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ШУ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА ШЕРХАН ИНСТИТУТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының өкілдері Шу ауданының мектеп бітіруші түлектерімен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.

Аудан орталығында өткен шараға мектеп оқушылары мен ұстаздары, білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының вице-президенті Махметғали Сарыбеков іргелі оқу орнының білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды мағлұматтар берді.

Сонымен қатар "Заң" факультетінің оқытушылары факультет даярлайтын білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Шара барысында институтымыздың өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынды. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.