COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / 1 курс студенттеріне оқу-танысу практикасы өтуде

1 курс студенттеріне оқу-танысу практикасы өтуде

«Экономика және бизнес» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының 1 курс студенттеріне оқу-танысу практикасы өтуде. Алғашқы күні студенттерге конференция ұйымдастырылып кафедра меңгерушісі э.ғ.к. Есперов Елдос Избасарович практиканың мақсаттарымен міндеттерімен таныстырды және практика өту барысында институттың басқару құрылымымен, жатақханамен, кітапханаларымен танысатындары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар кафедраның аға оқытушысы э.ғ.к. Жумадильдаев Мурат қазіргі кезеңдегі цифрлық экономикаға байланысты  мамандықтың сұранысқа ие болатындығы туралы және практика өту барысында өздеріне қажетті мәліметтерді, ақпаратты ұялмай сұрап білуге тырысу керек екенін ескертті. Кафедраның доценті э.ғ.к. Жакашев Бейбіт Райкулович мамандықты таңдаудағы бағыттарының қазіргі кезеңдегі өзекті мәселе екенін және әлемдік деңгейде сұранысқа ие мамандық екенін атап өтті.

Кафедра тарапынан практикаға жауапты э.ғ.к., доцент Уристенбекова Баян екі мамандықтың студенттеріне күнделіктері таратылып, оны қалай толтыру жодарымен, практикаға арналған әдістемелік нұсқауы мен бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар мамандықтың білім беру бағдарламаларымен және эллективті пәндер каталогімен таныстырып, студенттерге төрт жыл бойы оқитын пәндерімен қысқаша таныстырды. Практика біткеннен оның қортындысы бойынша есеп жазып өткізу қажеттілігі туралы айтылды.

Аға оқытушы Саркулова Жанар институттың бас ғимаратымен, жатақханасымен және кітапханаларымен таныстырды.