COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Әдістемелік апталық өтті

Әдістемелік апталық өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты Академиялық саясат барқармасының ұйымдастыруымен әдістемелік апталығы өткізілді.

Әдістемелік апталықтың мақсаты - білім беру үдерісін әдістемелік сүйемелдеуді сапалы қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоспарланған іс-шаралар Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор, А.Кадырова мен Академиялық саясат басқарма басшысы Д.Акимовамен бекітілген жоспар негізінде жүзеге асты.

Институттың барлық факультеттері әдістемелік апталықты жүйелі, нәтижелі түрде ұйымдастыра білді. Әдістемелік апталық барысында Факультет декандары - Оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарды баспаға шығару нәтижелері бойынша, Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор А.Кадырова - «Дүниежүзілік банктің «ҚР педагогикалық әлеуетін күшейту» жобасы негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары туралы» жобасы шеңберінде институтымыздың білім беру бағдарламаларын өзектендіру және Білім мазмұнындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша, Академиялық сабат басқармасы басшысы Д.Акимова - Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету (ПОӘК-силлабус) бойынша, «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Г.Шомаева - Онлайн оқытуға көшу мүмкіндіктері, интерактивті инновациялық технологиялар тақырыбында баяндамаларын жасады. Осылайша кезекті әдістемелік апталық мәресіне жетіп, нәтижелі аяқталды.