COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Волейболдан облыстық турнир өтті

Волейболдан облыстық турнир өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының 15 жылдығына орай «Айкью волейбол» волейбол мектебінің және «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығының ұйымдастыруымен волейболдан 2006-2007 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасындағы Жамбыл облыстық турнирі өтті.

Екі күнге созылған доп додасына облыс мектептерінен 11-ші сынып оқушыларынан құралған 30 команда қатысты. Бір-бірінен оза шапқан ала доп иелері үздік ойын үлгісін көрсетті.

 

 

 

Турнир нәтижесі бойынша Бас жүлде «Тараз» волейбол клубына бұйырды. Ал, жүлделі екінші орынды «Даму» волейбол мектебі иеленсе, үшінші орынды “Volleyball kids” мектебі алды.

Сонымен қатар турнирде ерекше көзге түсіп, жоғары деңгейде ойын көрсеткен ойыншыларға Шерхан институтының 30% - дық (оқу ақысына) жеңілдігі табысталды.

 

 

Атап айтсақ, қатысушылар: Балғабай Нұрасыл, Абдрахман Жеңіс, Серикбаев Даулет, Бекзатұлы Асылан оқу жеңілдігін иеленді.

Турнир жүлдегерлері мен үздік ойыншылары арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды.