COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Мемлкеттік қызмет жастар үшін

Мемлкеттік қызмет жастар үшін

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты Академиялық саясат басқармасының ұйымдастыруымен  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Шарипов Руслан Шамелұлы барлық бітіруші курс студенттері мен магистранттарға «Мемлекеттік қызмет жастар үшін» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндама барысында ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде GPA 3,33-тен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген түлектер осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алатыны айтылды.

 

 

Бұл ретте, аталған түлектер аудандық және ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың басшылық емес лауазымдарына орналаса алады.

Бұл жастар үшін зор мүмкіндік екенін хабарлап құжаттарын кәзірден бастап рәсімдеу керектігін атап өтті.

Бұл орайда осы мүмкіндік жалғыз бітіруші студенттерге ғана емес бітіріп кеткен бітірушілерге де болатын мүмкіндік екенін атап өтті.

Қосымша сұрақтар бойынша  8 (7262) 43 88 26 телефоны арқылы хабарласуға болады.