COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ҰЛЫ АБАЙҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

ҰЛЫ АБАЙҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, ғұлама, ойшыл, аудармашы, сазгер, жазба әдебиетінің негізін қалаушы ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Оның шығармаларында, әсіресе,

 

өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, тілі, ділі, діні, рухы көрініс тауып, кейінгі кезде Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.
Ұлы Абай Құнанбаев туралы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: «Ең алдымен, Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы», - деп атап өткен болатын.
«Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға дейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы сол. Бәлки, одан кейін Абайдан үздік ақындар, жазушылар шыққан шығар, бірақ ең жоғары, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай».
Абай есімі - қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының , қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Абай Құнанбаевтың қалдырған өшпес әдеби мұрасы қашан да түн қойнауынан нұр сәулесін шашқандай халқына құрмет етуде. Абай перзенті бар халық – бақытты халық. Өнегелі өнер дегенді айтқанда халқымыздың тарихының биік шыңына шыққан жалғыз дара тау ағашындай Абай есімі ауызға ілінеді. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар қалың елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы, ғұлама ойшыл Хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында наурыз айының 11-і күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға, Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай тәуелсіз ел руханиятындағы кемеңгер ақын шығармашылығының маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Абай тағылымы» атты облыстық фестиваль өтті.
Фестивальдің мақсаты - ел ертеңі өскелең ұрпақты ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы саналы етіп тәрбиелеу. Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын таныту.
Ақынның көркем-әдеби туындыларындағы рухани құндылықтарды үміткерлердің бойына дарыту. Жастардың шығармашылық өсуін қолдау және ынталандыру, талантты да талапты жастарды өнерге баулу болып табылады. Сонымен қатар, ұстаздардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Фестивальді университеттің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Бегәділұлы Абдуалы ашып, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Байқауға облысымыздың ЖОО, колледж студенттері, мектептің 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Байқау төрт бағытқа топтастырылып, өткізілді.
1-бағыт талабы - еркін форматта Абайдың қарасөздерінен, өлеңдерінен, жалпы шығармашылығынан Абай бейнесін танытатын сахналық қойылым қою;
2-бағыт талабы - Абай қарасөздерін жатқа оқу. Бұл бағыт бойынша үміткер ақын қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқуы тиіс.
3-бағыт талабы - «Абай – жаңа қоғамның жанашыры» тақырыбында эссе жазу байқауы. Бұл бағыт талабы бойынша үміткерлер жазған эссе Абайдың ақындық, қаламгерлік, философиялық, қайраткерлік болмысы, т.б. қырлары мен шығармашылық сырларын жан-жақты ашуы тиіс. Эссе қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылды.
4-бағыт талабы - Ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты ашық сабақтар мен сыныптан тыс сағаттардың жоспарлары жинақталған.
Әр бағыт бойынша тағайындалған әділқазылар алқасы шешім шығарып, жеңімпаздарды анықтады. 1-бағыт бойынша ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші-композитор Әбиірбек Тінәлі төрағалық, ТИГУ «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Бақтияр Арманұлы Бекназаров қазылық жүргізді. 2-бағыт бойынша төрайым, Ақпараттық кітапхана орталығының директоры Өзбекова Амангүл Андабаевна, «Тәрбие жұмыстары» бөлімінің бастығы Роза Назарқызы Нуркина; ТИГУ Ректор аппаратының жетекшісі, филология магистрі Нұрбеков Талғат Балтабекұлы; 3-бағыт бойынша төрайым филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы; ТИГУ «Жастар айдыны» газетінің редакторы Әбдіманапова Мереке Бақбергенқызы; филология ғылымдарының кандидаты, доцент Меңдібай Әбілұлы; 4-бағыт бойынша төрайым «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Елубаева Рахат Сайлаубекқызы; «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Фатикова Назипа Агламқызы.
Әділқазылар шешімі бойынша орындар былай берілді:
1-бағыт бойынша:
1 орын Т.Рысқұлов ауданы, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп оқушылары.
2 орын Биболат Ернұр, ТИИК колледж студенттері.
Тараз қаласы, №5 мектеп оқушылары.
3 орын Тараз қаласы, №26 мектеп оқушылары.
Талас ауданы, Д.Қонаев атындағы мектеп оқушылары.
Тараз қаласы, №29 мектеп оқушылары.

2-бағыт бойынша:
1 орын Шырынбек Шерхан, Тараз қ., №56 мектеп оқушысы.
2 орын Болат Арай, Талас ауд, Ойық ауылы, Б.Әлменұлы атындағы мектеп оқушысы.
Затыбек Аяжан, Жуалы ауданы, №17 мектеп оқушысы.
3 орын Бұхарбай Аслан, Тараз қ., №47 орта мектеп оқушысы.
Насырова Раушан, Жуалы ауданы, №1 мектеп-гимназия оқушысы.
Аясхан Бегімай, Тараз қ., № 15 мектеп-гимназия оқушысы.

3-бағыт бойынша:
1 орын Таңжарықова Ақмөлдір, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті.
2 орын Елшан Аяулым, Тараз қ., №11 орта мектеп оқушысы.
Асамбай Жалғас, Тараз қ., Б.Момышұлы ат. №45 қазақ классикалық гимназия оқушысы.
3 орын Бейсембек Батырхан, Тараз қ., Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия оқушысы.
Сыздыкова Жұлдызай, Тараз қ., №39 мектеп-гимназия оқушысы.
Мұхаметілда Аружан, Тараз қ., №15 мектеп-гимназия оқушысы.
Оңалбек Арайлым, Тараз қ., №47 орта мектеп оқушысы.
Асқар Аяжан, Жаулы ауданы, №19 Қонаев атындағы мектеп оқушысы.

4-бағыт бойынша:
1 орын Қасымова Раушан, Тараз қ,. №39 мектеп-гимназия мұғалімі.
2 орын Сейтбекова Меруерт, Тараз қ., Қ.Тұрысов ат. №53 мектеп-гимназия мұғалімі.
Маталиева Аида, Тараз қ., №45 мектеп-гимназия мұғалімі.

3 орын Ильясова Рахима, Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектеп мұғалімі.
Сейдуалиева Асель, Тараз қ., Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің мұғалімі.
Жанысбаева Перизат, Жуалы ауданы, №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп мұғалімі.
Қуатова Ұлжан, Тараз қ., №12 мектеп-гимназия мұғалімі.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.