Ректор
Марат Баяндин
Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры
- Марат Баяндин 1971 жылы 23 маусымда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Назаровка ауылында дүниеге келген. Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының докторы
- Білімі: 1992 жылы Павлодар индустриалды институтын (қазіргі С.Торайғыров атындағы ПМУ) «Өнеркәсіптік-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
- 1996 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірді. «Аяқталмаған құрылысты бағалау әдістемесі» тақырыбында диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
- 2000-2001 жылдары коммуналдық меншік басқармасында жұмыс істеді, 2001 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ Павлодар облысы бойынша кеңейтілген қызмет көрсету орталығының басшысы;
- 2012-2014 жылдары - «Транстелеком» АҚ Орталық аппараттың Корпоративтік бизнес басқармасының басшысы, Корпоративтік клиенттермен және байланыс операторларымен жұмыс бөлімінің басшысы, «Транстелеком» АҚ Астана қаласындағы «Астанатранстелеком» филиалының коммерциялық директоры.
- 2014 жылдан бастап ақпараттық технологиялар жөніндегі проректор, ИнЕУ ректоры.
- 2022 жылдан бастап Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры.
Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.