COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Құттықтаймыз

Құттықтаймыз

18-19 қазан күндері Елордамыз Астана қаласында Қазмедиа орталығында ХІ Азаматтық форум өтті.

Форумда алғаш рет Республика бойынша қайырымдылық саласында құрметті атақтар табысталды.

«Қайырымдылық туралы» Заңға енгізілген түзетулер шеңберінде, елімізде алғаш рет қайырымдылық саласында құрметті атақ белгіленді. Бұл атақ - қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін көтермелеуге бағытталған.

Еліміз бойынша бұл атаққа 130 астам өтінімдер қабылданды. Нәтижесінде Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Экономика және бизнес" факультетінің "Мемлекеттік жергілікті басқару" мамандығының 2 курс студенті Azamat Namelbek қайырымдылық саласындағы құрметті медальмен марапатталды.