COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Президент кеңесшісі іс-сапармен Шерхан институтында болды

Президент кеңесшісі іс-сапармен Шерхан институтында болды

 

Бүгін, 12-сәуір Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шерхан институтында қонақта болды. Ең алдымен, құрметті қонақтар Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жазушы рухына тағзым етті.

 

 

Одан соң, жатақхана ғимаратында ұйымдастырылған Шерхан институты ғалымдарының ғылыми-инновациялық жетістіктерінің көрмесімен танысты. Көрмеде ЖОО ғалымдарының табысты ғылыми әзірлемелерімен қатар, студенттік стартаптар таныстырылды.

 

 

Мәселен, «Аквакультура» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі жақында Жапония елінен алынған бір мезгілде 200000 бақтақ өсіруге мүмкіндік беретін жаңа аппараттың жұмысымен таныстырды. Бұл аппарат болашақта институт жанынан соғылып жатқан бақтақ балығын тұйық жүйелі су қондырығысында өсіретін фермада пайдаланылмақ.

 

 

Көрмеден соң, қонақтар оқу орнының музейі мен «Рухани жаңғыру және Шерхантану орталығының» жұмысымен танысты. Бір сұхбатында «Әдебиетке қызығуыма Шерхан Мұртаза себеп болды» деген Мәлік Отарбаевқа, институт атынан қарымды қаламгердің туындыларының бірі сыйға тартылды.