COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Тарихы

ТАРИХЫ

2008 жыл –Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 10485-1919-У-е нөмірімен тіркелді; - Оқу орнының статистикалық картасы алынып, салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті; - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1-шілдедегі №804 бұйрығы негізінде университет өз қызметін бастады.

 

2009 жыл – 28 бакалавриат және 12 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АБ 0064058 нөмірлі мемлекеттік лицензиясы берілді; - университеттің 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы әзірленді; - университет жанынан «Шерхантану» ғылыми-зерттеу институты ашылды.

 

2010 жыл – университет жоғары кәсіби жетістіктері үшін INSAM Institute Foundation (Женева) бойынша «Еуропалық гранттар» номинациясында үздік болып танылды.

 

2011 жыл – университет ISO 9001-2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады, алғашқы шетелдік оқу орындарының ғалымдары институтта дәріс бере бастады.

 

2012 жыл – жаңа әкімшілік оқу ғимараты қолданысқа берілді.

 

2013 жыл– жаңа білім бағдарламаларының ашылуымен қатар Малайзия, Түркия, Румыния, Венгрия және ТМД мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен меморандумдарға қол қойылып, ғылыми байланыс орнатылды.

 

2014 жыл– университет базасында 3 га тәжірибелі жер телімі бар Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты құрылды;

 

2015 жыл – университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан мемлекеттік аттестациядан табысты өтті; - мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылғы 03 маусымдағы № 795 бұйрығына сәйкес бакалавриаттың 28 мамандығы және магистратураның 12 мамандығы бойынша білім беру қызметініңмемлекеттік лицензиясына 001 нөмірлі қосымшасы берілді және - 4 қабатты заманауи оқу ғимараты қолданысқа берілді.

 

2016 жылы – университет Қазақстандық «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде» (IQAA) институционалды аккредитациядан табысты өтті; - университет базасында корей және қытай тілі орталықтары ашылды

 

2017 жыл – Қазақстандық «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде» (IQAA) бакалавриаттың 8 мамандығы мен магистратураның 7 мамандығы мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті; - университет жанынан Тараз инновациялық көпсалалы колледжі ашылды. - жалпы алаңы 1500 ш.м. заманауи спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

 

2018 жыл – университеттің «Жаратылыстану» факультетіне жалпы ауданы 2012 ш.м. жаңа оқу-лабораториялық ғимараты пайдалануға берілді

 

2019 -2020 оқу жылы – 7 130,6 ш.м. болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді; - OPEN SPACE форматындағы кітапхана, студенттердің шығармашылық орталығы ашылды. - «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығы» және бірқатар виртуалдық оқу лабораториялары ашылды.

 

2021 жыл–«Аквакультура», «Ветеринария және мал шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталықтары ашылды. - Жаратылыстану, құқық, ауылшаруашылығы, ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша жаңа білім беру бағдарламалары ашылды.

 

2022 жыл–оқу орнына Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның есімі берілді. - Жаңа әкімшілік ғимараты және Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығының базасында 100 орындық жаңа студенттер жатақханасы қолданысқа берілді. - Әкімшілік ғимаратының алдынан Шерхан аллеясы жасалды. - Республика жоғары оқу орындары арасында бірінші болып дарынды жастарға арналған «ХТИИдың 100 гранты» тағайындалды. - ІТ Академиясы ашылды.

 

2023 жыл-дың басты оқиғасы – ҚР Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Жамбыл облысына ресми сапары кезінде, Шерхан институтына арнайы келді. Институттың қызметімен, алдағы жоспарларымен танысып, Студенттер үйіне соғып, студенттермен кездесті. Сондай-ақ ауылшаруашылығы бағытындағы жаңа мамандықтардың ашылуын, аграрлық секторда жасалып жатқан игі істердің, қаламыздың инфрақұрылымына сән беріп тұрған жаңа оқу ғимараттарының бәрі – университеттің облысымыздың өркендеуіне қосып жатқан зор үлесі деп білеміз. Құрметті қауым, бұл Шерхан университеті жетістіктерінің бір ғана бөлігі.