COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Институт құрылымы / «АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» БАСҚАРМАСЫ

«АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» БАСҚАРМАСЫ

Тулеев Тұрсыналы Нахысбекович

Бөлім басшысы

Байланыс телефоны: +7 701 756 2596

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

 

 

 

 

АКТБ

 

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар басқармасы (АКТБ) институттың құрылымдық бөлімі. Басқарма білім беру және әкімшілік қызметтеріне ақпараттық технологияларды еңгізу үшін арналған.

АКТБ мақсаты - институттың өндірістік процесінде жаңа ақпараттық технологияларды еңгізу, Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Цифрлық университет» моделіне ауыстыру концепциясын жүзеге асыру Жол картасының орындалуына қатысу, сонымен қатар:

• институтта бірыңғай ақпараттық кеңістік жасау, телекоммуникациялық желімен қоса ақпаратты жіберу жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз етіп дамыту;

• институттың барлық құрылымдық бөлімшелер (деканаттар мен кафедраларды қоса) және компьютерлік кластарда техникалық қызмет көрсету, компьютерлік техниканы жөндеу және жаңарту, бағдарламаларды орнату, профилактикалық жұмыстар жасау;

• компьютерлік кластардың материалды құндылықтарын сақтау мақсатында қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету, студентермен қызметкерлерге қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беру;

• электрондық құжат айналымы жүйесінің жобасын іске асыру;

• әр түрлі аудиторияларға оқу процесін қамтамасыз ету үшін түрлі оқу жабдықтарын: стационарлық мультимедиялық кабинеттерді, лингафон зертханаларды, бейне, конференциялық байланыстарды, акустикалық жүйелерін орнату;

• оқу процесінде қолдануға арналған мультимедиялық материалдарды: фильмдер, аудио-видео дәрістер, цифрлық оқу құралдарды жасау, институт қызметі туралы жарнамалық материалдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын құру;

• белсенді желілік жабдықты, VPN, Wi-Fi қосылымын икемдеу;

• талшықты-оптикалық байланыс желілерінің жаңа түйіндерін жобалау;

• Wi-Fi желісін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, орындау және бақылау. Деректерді табыстайтын жаңа түйіндерін жоспарлау, әзірлеу және орнату. Желінің құрылымы мен деректерді табыстау түйіндерінің техникалық құжаттамасын құрастыру және сүйемелдеу;

• IT - қауіпсіздікпен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

• кабельдік және сымсыз желілер жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және регламенттік жұмыстар жасау;

• нұсқаулыққа сәйкес компьютерлік және кеңсе жабдықтарына жобаланған сақтық, жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету;

• компьютерлік техниканың тоқтап қалу мен жаңылуларын тіркеу және талдау, техникалық қызмет көрсету әдістерін жетілдіру;

• компьютерлік жабдықтың жұмысындағы ақауларды уақтылы жою мақсатында келісілген кестеге сәйкес жабдыққа сынақ тексерулерін жүргізу;

• компьютерлік техниканың техникалық құжаттарын сақтауды ұйымдастыру

• барлық деңгейдегі компьютерлік техниканы жаңғырту

• жаңадан келген компьютерлік техниканы қабылдау, орналастыру және пайдалануға беру жұмыстарына қатысу;

• жұмыс орнында техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу.

 

АКТБ бес сектордан тұрады:

- Компьютерлік желілер жүйесімен техникалық қызмет көрсету секторы

- Студенттердің білім деңгейін тестілеу секторы

- Бағдарламалық қамсыздандыру секторы

- Қашықтан оқытуды дамыту секторы

- WEB-cайт секторы