COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ МАМАНДЫҚТАРЫ» КАФЕДРАСЫ

ШЫРАҚБАЕВ АБАЙ БЕГЕНДІКҰЛЫ

Кафедра меңгерушісі, ф.м.ғ.к

Байланыс телефоны: +7 707 277 51 79

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

 

 

Кафедра туралы

 

«Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасы 2017 жылдың қыркүйек айында құрылды. Қазіргі таңда мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес білім берудің 6В05401 – «Математика», 6В05302 – «Физика» және 6В05301 – «Химия» бакалавры және 7М05401 – «Математика» және 7М05301 – «Физика» магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады. 2021 жылы 6В01502 – «Математика және физика» бакалавр білім беру бағдарламасы бойынша маман даярлау іске қосылды. 2017 – 2020 жылдар аралығында  кафедра меңгерушісі Мамаев Ш. болды. Сосын 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап А.Б.Шырақбаев кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

Білім беру бағдарламасының білімнің бейіндік салаларында бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін білікті профессорлық-оқытушылық құрамы бар. ББ ПОҚ сапалық және сандық құрамы бойынша көрсеткіштер-санаттар бойынша «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасы (штаттық, ПОҚ қоса атқаратын) біліктілік талаптарына, іске асырылып жатқан білім беру бағдарламасының, кадр саясатының және дамыған институт бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келеді.

6В05401 – «Математика» білім беру бағдарламасын іске асырудағы басты ресурс профессор-оқытушылар құрамы болып табылады. Қазіргі уақытта "Математика" ББ ПОҚ құрамына 1 физика – математика ғылымдарының докторы, профессор және3 физика – математика ғылым кандидаттары кіреді.

6В05302 – «Физика» білім беру бағдарламасының ПОҚ сапалық құрамы оның бейініне сәйкес келеді. Қазіргі уақытта "Физика" ББ ПОҚ құрамына 1 техника және 1 физика – математика ғылымдарының докторлары, және 1 PhD  кіреді.

6В05301 – «Химия» білім беру бағдарламасының ПОҚ сапалық құрамы оның бейініне сәйкес келеді. Қазіргі уақытта "Химия" ББ ПОҚ құрамына 2 химия ғылымдарының докторы бар.

«Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасы – институт қабырғасында алғаш құрылған кафедралардың бірі. Кафедра студенттерді оқыту, магистранттарды дайындау және ғылыми зерттеулердің тақырыбын таңдау халықаралық қатынастар арқылы бірігіп жасаған білім мен ғылыми жобаларға, европалық тәжірибелерге сүйене отырып іске асырылады.

Кафедра құрамы

 

Жұмабаев Мықтыбек

Ғылыми дәрежесі: ф.-м.ғ.д.

Ғылыми атағы: профессор

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Абитбеков Илияш

Ғылыми дәрежесі: ф.-м.ғ.к

Ғылыми атағы: Доцент

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Абдула Жамбыл

Ғылыми дәрежесі: т.ғ.д.

Ғылыми атағы: Доцент

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Токжигитов Қадыр

Ғылыми дәрежесі: Ф.-м.ғ.д.

Ғылыми атағы: Доцент

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Амиров Қулынбек

Ғылыми дәрежесі: т.ғ.д.

Ғылыми атағы: Аға оқытушы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

Кенжебеков Дархан Уалиевич

Ғылыми атағы: Аға оқытушы, магистр

darhan_1959@mail

 

Жүсіпназаров Рысбек Мағауияұлы

Ғылыми дәрежесі: Ф.-м.ғ.д.

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

Есдаулетова Жанар

Ғылыми атағы: Аға оқытушы, магистр

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Матеева Сұлушаш

Ғылыми дәрежесі: х.ғ.к

Ғылыми атағы: Аға оқытушы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Омарова Алия Жанадиловна

Ғылыми дәрежесі: доктор PhD

Ғылыми атағы: Философия докторы (Ядролық физика)

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Сабуров Бактыбек Узакбекұлы

Ғылыми атағы: Аға оқытушы, магистр

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Атакожаева Айгул Амалбекқызы

Ғылыми атағы: Аға оқытушы, магистр

miss.aigul.82@mail

 

Мустафаева Акмарал Маратқызы

Ғылыми атағы: Аға оқытушы, магистр

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Алдаберген Шолпан

Ғылыми атағы: Аға оқытушы, магистр

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Әбдраманова Жанерке Құрманбайқызы

Ғылыми атағы: оқытушы, магистр

jan_0123@mail

 

Омарова Динара

Ғылыми атағы: Аға оқытушы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Айтбаева Индира

Ғылыми атағы: Аға оқытушы

 

 

Кемелова Дана

Ғылыми атағы: Аға оқытушы

 

 

Тамаев Сабит

Ғылыми атағы: к.ф-м.н., доцент, профессор

 

  

Егисинова Аяжан Мақсатқызы

Ғылыми атағы: Аға оқытушы

 

  

Ермекова Айнура

Ғылыми атағы: оқытушы

 

 

Білім беру бағдарламалары

 

7M01501-Математика

7M05301-физика

6В01502- Математика және Физика

6В05401- Математика

 

Элективті пәндер каталогы

7M01501-Математика

7M05301-физика

6В01502- Математика және Физика

6В05401- Математика

6B05301- Химия

 

Кафедраның негізі 1.09.2017 жылы «Математика», «Физика» және «Химия» мамандықтарының бірігуімен «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасы болып қайта құрылды.Кафедрада «6В05401 Математика», «6В05302 – Физика», «6В05301 –Химия» мамандықтары бойынша бакалаврларды және «7М01501-Математика», «7М05301-Физика» мамандықтары байынша магистрлерді дайындайды.

Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін білім деңгейін қамтамасыз етеді: 6В05401 – «Математика» білім бағдарламасы бойынша - жаратылыстану ғылымдары, техника, экономика саласындағы процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін әзірлеу; - бағдарламалық кешендер құру; - білім беру жүйесінде оқыту; - математиканы пайдаланумен байланысты салалардағы ғылыми-зерттеу жұмыстары; - жаратылыстану ғылымдарының есептерін шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу; - экономика мәселелерін шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу; -ғылыми-техникалық есептерді шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу; - теориялық және қолданбалы математика есептерін қою және шешу. Бітірушінің кәсіби қызмет саласы: математика, математика және қолданбалы математика, математика және жүйелік бағдарламалау, математикалық және компьютерлік модельдеу, экономикадағы математика, актуарлық математика болып табылады. Бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері: ғылыми – зерттеу ұйымдары, білім беру ұйымдары, банк саласы, сақтандыру компаниялары, қаржы құрылымдары болып табылады. Бітірушінің кәсіби қызметінің пәндері: жаратылыстану ғылымдарында, техникада, экономикада математикалық модельдерді теориялық өңдеу; есептеу үрдісінің тәжірибелік эксперименттері; компьютерлік және есептеу технологиясы; желілік технология; математикалық экономика; актуарлық математика. Бітірушінің кәсіби қызмет түрлері: ғылыми-зерттеу; жобалау; ұйымдастыру–технологиялық және өндірістік-басқару; эксперименттік; білім беру; болжамдық; математикалық-экономикалық;математикалық-актуарлық.

6В05301 – «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша - ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту және өздігінен білім алу қабілетін дамыту; - білім алушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін жағдайларды қамтамасыз ету; - деңгейлік бағдарламаларды оқу үдерісіне кеңінен енгізу арқылы білім беру үдерісінде шығармашылық атмосфераны құру; - білім алушылардың оқу процесіне позитивті уәждемесін қалыптастыру. Бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері: аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханалары; химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары (институттар, зертханалар), жалпы орта білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер, гимназиялар, білім бөлімдері болып табылады. Бітірушінің кәсіби қызмет пәндері болып табылады: химиялық реакциялардыңжүру заңдылықтары, химия–технологиялық процестерді жүргізуде бейорганикалық, органикалық, физикалық, аналитикалық химияның заңдылықтарын қолдана білу, әртүрлі химиялық өндіріс орындарының қоршаған ортағаәсерін зерттеу. Кәсіби қызмет түрлері - ұйымдастыру-технологиялық; - ғылыми-зерттеу; – өндірістік-басқарушылық;

6В05302 – «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: білім беру, тәрбие процестері мен ҒЗЖ құзыреттілік тәсілін енгізу негізінде өзін-өзі дамытатын және өзін-өзі жүзеге асыратын тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін білім беру ортасын құру. - Өз бетінше ойлау қабілетін, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу қабілетін дамыту; - Студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеретін жағдайларды қамтамасыз ету; -Оқу процесінде деңгейлік бағдарламаларды кеңінен енгізу арқылы оқу процесінде шығармашылық атмосфера қалыптастыру - Оқушылардың оқу іс-әрекетіне деген оң уәжін қалыптастыру. -Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы: эксперименттік, теориялық және қолданбалы физика, сонымен қатар табиғи және техникалық ғылымдар саласына байланысты; білім беру саласы, оның ішінде педагогика, орта мектептерде физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі - Бітірушінің кәсіби қызметінің нысандары: ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, жобалық және инженерлік бюролар мен фирмалар; мемлекеттік білім беру ұйымдары мен білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ үкіметтік емес білім беру ұйымдары. - Бітірушінің кәсіби қызметінің пәндері: физикалық құбылыстар мен процестер (техникалық және энергетикалық құрылғыларды модельдеу; аэроғарыштық және вакуумдық жабдық; лазерлік, химиялық, мұнай-газ және мұнай өңдеу технологиялары және т.б.); материалдар мен табиғи заттар; аспаптар, механизмдер мен жабдықтар; білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік құжаттамасы; өндірістік-басқару және жобалық құжаттама. - 6B05302 - Физика білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады: - зерттеу; - педагогикалық; - ұйымдастырушылық және басқарушылық; - жобалық және технологиялық;

6В01501- «Математика және Физика» Білім беру бағдарламасының мақсаттары: білім алушылардың даярлық деңгейіне міндетті талаптар қою есебінен білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу: Бакалавриат түлегі математика саласында іргелі ғылыми және кәсіптік даярлыққа ие болуы тиіс. 6В05401 – "Математика" білім беру бағдарламасы үшін инклюзивті білім берудің мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту мен кәсіптік даярлауда кедергісіз орта құру болып табылады. Бұл шаралар кешені білім беру мекемелерін техникалық жарақтандыруды, сондай-ақ педагогтер мен басқа да білім алушылар үшін мүгедектермен өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған арнайы оқу курстарын әзірлеуді көздейді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі студенттердің жалпы білім беру мекемесінде бейімделу процесін жеңілдетуге бағытталған арнайы бағдарламалар қажет.

Білім беру бағдарламасының міндеттері: 6В05401 – "Математика"білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды дайындау.

Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін білім деңгейін қамтамасыз ету: - жаратылыстану ғылымдары, техника, экономика саласындағы процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін жасау; - бағдарламалық кешендер құру; - білім беру жүйесінде оқыту; - математиканы қолдануға байланысты салалардағы ғылыми-зерттеу жұмыстары; - жаратылыстану ғылымдарының есептерін шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу; - экономика есептерін шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу; - ғылыми-техникалық есептерді шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу; - теориялық және қолданбалы математика есептерін шығару және шешу.

7М01502 – «Математика» Білім беру бағдарламасының мақсаттары 7М01502 – бейіндік дайындық бойынша "Математика" білім беру бағдарламасының мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы кәсіпорындар мен нарықтық құрылымдар талап ететін, сондай-ақ білім беру, тәрбие және ғылыми процестерде теориялық және практикалық әзірлікті, құзыреттілік тәсілді қалыптастыру, білім беру және математика саласындағы өндіріс саласындағы ұйымдастыру-басқару міндеттерін шешуге қабілетті болып табылады. 7М01502 – "Математика" білім беру бағдарламасы үшін инклюзивті білім берудің мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту мен кәсіптік даярлауда кедергісіз орта құру болып табылады. Бұл шаралар кешені білім беру мекемелерін техникалық жарақтандыруды, сондай-ақ педагогтер мен басқа да білім алушылар үшін мүгедектермен өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған арнайы оқу курстарын әзірлеуді көздейді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі студенттердің жалпы білім беру мекемесінде бейімделу процесін жеңілдетуге бағытталған арнайы бағдарламалар қажет. Білім беру бағдарламасының міндеттері: 7М01502 – бейіндік дайындық бойынша "Математика". Қазіргі заманғы талаптарға (бейіндік) сәйкес келетін білім деңгейін қамтамасыз ету: - магистранттардың ғылым мен педагогикалық қызметтің таңдалған бағытында теориялық және практикалық, жеке дайындығын тереңдету; -кәсіптік білім берудің тәжірибеге бағытталған бағыты бар мамандарды даярлау; - талдаудың, алгебраның, дифференциалдық теңдеулердің, басқарудың, математикалық есептерді сандық және жуықтап шешудің заманауи әдістерін зерттеу; - ғылымды табысты дамытуға мүмкіндік беретін іргелі, сапалы, кәсіби білім алу, математиканың таңдалған саласында терең мамандандырылған білім алу; - заманауи ақпараттық және компьютерлік технологияларды меңгеру; - жоғары кәсіпқойлықты, кәсіби ұтқырлыққа және халықаралық еңбек нарығының талаптарына бейімделуге кепілдік беретін ойлау креативтілігіне қабілеттілікті, олардың барлық белсенді тіршілік әрекеті барысында жаңа білімді дербес шығармашылық меңгеру қажеттілігі мен дағдыларын қамтамасыз ету; - білім беру, зерттеу және инновация бірлігін сақтау.

7М05302 – "Физика" Білім беру бағдарламасының мақсаттары Бейіндік дайындық бойынша 7М05302 – "Физика" білім беру бағдарламасының мақсаты физиканың іргелі және өзекті бағыттары бойынша терең, жүйелі теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, ғылыми-зерттеу, аналитикалық және педагогикалық іс-әрекеттерде өзін-өзі дамытуға және іске асыруға қабілетті магистрлерді даярлау болып табылады. 7М05302 – "Физика" білім беру бағдарламасы үшін инклюзивті білім берудің мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту мен кәсіби даярлауда кедергісіз орта құру болып табылады. Бұл шаралар кешені білім беру мекемелерін техникалық жарақтандыруды, сондай-ақ педагогтер мен басқа да білім алушылар үшін мүгедектермен өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған арнайы оқу курстарын әзірлеуді көздейді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі студенттердің жалпы білім беру мекемесінде бейімделу процесін жеңілдетуге бағытталған арнайы бағдарламалар қажет.

Кафедраның ғылыми бағыты: Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттарда жүргізіледі: -Жойылмалы эллиптік түрдегі операторлардың спетральды бағаулары туралы; - Стационарлы сүзілетін ағындарға кері есептердің қойылымы және шешімдері; -Радиациялық және терморадиациялық процесстерді зерттеу; - Түсті және сирек кездесетін металдарды радиациялық технологиялық әдіспен өңдеу; -Тау-кен өндірісіндегі экологияның кейбір мәселелерін математикалық модельдеу әдісімен шешу; - Экстракциялық фосфор қышқылын тазалау технологиясын жетілдіру және адсорбенттердің тиімді түрлерін таңдауды ғылыми негіздеу.

Кафедраның ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағытында жасалған келісім шарттары:Ресей ғылым академиясының «Машина жасау проблемалары институты», Мәскеу физика-техникалық институты (мемлекеттік университеті), ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының «Ядролық физика институты», Қ.Сатпаев атындағы Казақ Ұлттық Техникалық университеті,Л.Гумилев атындағы«Еуразия» ұлттық университетінің «Физика және техника» институтымен, Казакстан Республикасының ұлттык ядролық орталығының«Ядролықғылымизерттеу»институтымен, Кырғыз Республикасының И.РаззақоватындағыҰлттык Техникалық университетінің «Химия технологиялык» институтымен. Тараз қаласының мекемелері мен орта мектептері: «Казфосфат» зауыты,ЖШС «Cу шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»,«Тараз-Ғасыр» колледжімен,Білім кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі, №15 мектеп гимназия,№9 Меркі колледжі.

Студенттердің жетістіктері Физика мамандығының студенттері 2016-2017 оқу жылында физика пәнінен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткенРеспубликалық студенттік олимпиадаға қатысты.Физ-15-1 оқу тобының студенті Ералхан Арайлым жүлделі 3-ші орынға ие болып, 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017-2018 оқу жылында Физ-15-1 тобының студенті Айниязова Нурсая II республикалық «STARTUPBOLASHAK Моя мечта» байқауына қатысып, жартылай финалға жолдама алды. Физика мамандығының студенттері Түлкібаева Әйгерім, Шыңғыс Ақмарал, Өсербаева Баянсұлу 2018-2019 оқу жылында физика пәнінен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткен Республикалық студенттік олимпиадаға қатысып Сертификат алды.

Біліктілікті арттыру

 

«Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасында кәсіби біліктілігі жоғары ғылыми-педагогикалық ұжым жұмыс істейді. Оқу үдерісі мамандық салаларын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған білім беру  бағдарламалары негізінде ұйымдастырылған. Оқу үдерісіне инновациялық білім беру технологиялары кеңінен енгізіліп, оқытудың интерактивті әдістері қолданылуда.

Жоспарлы түрде қазіргі таңда «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы:

2022-2023 оқу жылында ПОҚ-ның біліктілігін арттыру бойынша: 

1 семестрде - Атахожаева Айгуль Амалбековна «Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің заманауи тәсілдері», Айтбаева Индира Шакеновна, Кемелова Дана Досымбековна, Шонтаева Жеңіскүл Сейфуллаевна «Жоғары математика» тақырыптарында;

2 семестрде - Шырақбаев Абай Бекиндикович «Дифференциалдық  теңдеулер»; Есдаулетова Жанар Сражадиновна «Жоғары математика»; Алдаберген Шолпан  Әбдраманова және Жанерке Құрманбайқызы «Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің заманауи тәсілдері»; Омарова Алия Жанадиловна «Атомдық және ядролық физика» тақырыптарында Тараз қ.  «Лотос» Оқу орталығында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарына қатысып, сертитфикатқа ие болды.

Сондай-ақ, Сабуров Бактыбек Ұзақбекович - TOEFL iBT Сертификат 7521 7102 2689 2368 және Қазпақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі  КАЗТЕСТ Сертификат BG № 4817038;

Алдаберген Шолпан - TOEFL iBT Сертификат 7754 8102 2689 2355 және Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі  КАЗТЕСТ Сертификат BG № 4817022;

Омарова Алия Жанадиловна Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі  КАЗТЕСТ Сертификат BG № 4-2023-1-000104149-36-1;

Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ жас оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында ректорымыз Марат Асылбекұлы және «Академиялық жұмыстар жөніндегі» проректор Ақмарал Сатбекқызының бастамасымен ұйымдастырылған «Жоғары мектептегі заманауи трендтер» тақырыбымен ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2023 курсында Атахожаева Айгуль Амалбековна, Омарова Алия Жанадиловна және Кемелова Дана Досымбековна -«Жоғары мектептегі заманауи трендтер» тақырыбында Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ-нда біліктіліктерін арттырды. 

 

2022-2023 оқу жылындағы «Лотос» оқу орталығында «Жаратылыстану мамандықтары»  кафедрасының    профессор - оқытушылар құрамының біліктілігін жоғарылатуы туралы мәлімет

1. Шырақбаев Абай Бекиндикович «Дифференциалдық  теңдеулер»(72 сағат. Сертификат № 96)

2. Есдаулетова Жанар «Жоғары математика» (72 сағат. Сертификат №100)

3. Алдаберген Шолпан Алдабергенызы «Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің заманауи тәсілдері»

4. Омарова Алия Жанадиловна «Атомдық және ядролық физика» (72 сағат. Сертификат № 99)

5. Атахожаева Айгуль «Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің заманауи тәсілдері» (72 сағат. Сертификат № 83)

6. Айтбаева Индира Шакеновна Жоғары математика (72 сағат. Сертификат № 50)

7. Әбдраманова Жанерке Құрманбайқызы «Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің заманауи тәсілдері» (72 сағат. Сертификат№ 98)

8. Кемелова Дана Досымбековна «Жоғары мектептегі заманауи трендтер» (72 сағат. Сертификат  № 50)

Сертификаттар

Кафедра жетістіктері

 

Кафедра жетістіктері