COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Дәстүрлі республикалық «VІІІ Шерхан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті

Дәстүрлі республикалық «VІІІ Шерхан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі Шерхан оқулары байқауы биылғы жылы VIІI ші рет өткізіліп отыр.

Байқаудың негізгі мақсаты - қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу. Сонымен қатар, әдеби таланты бар оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық жұмыстарына қанат бітіру, оқушылардың санасын жаңғырту. Ең бастысы ХТИИ ректоры грантының иегерін және төлемақыға байланысты жеңілдіктерді (50%, 25%) иеленген оқушыларды анықтау.

Байқау 4 бағытта өткізіледі. І бағыт - «Жұлдызы нұрлы суреткер», ІІ бағыт - «Рух пен намыстың төресі», ІІІ бағыт - «Зау тұлға», ІV бағыт: «Шерхан Мұртаза мұрасы» деп аталады.

Облыстық кезеңде Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласынан іріктеуден өткен 130-ға жуық үміткерлер бақ сынап, сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. 1,2 орын алған оқушылар Республикалық кезеңге жолдама алды.