COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ-да КСРО Қарулы күштері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай "Хал жақсы ма қарт жауынгер?" тақырыбында интернационал-жауынгерлермен кездесу өтті.

"Шығармашылық мамандықтар" факультеті мен "Жастар саясаты және тәрбие жұмысы" басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Жамбыл облысы бойынша "Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері" Одағының төрағасы, "Құрмет" орденінің иегері Дүкенбай Ермеков, Ауған соғысының ардагерлері Ақсауыт Исекеев, Асхат Рахманқұлов және институттың аға оқытушысы, Ауған соғысының ардагері Үсен Біржан қатысты.

Институт президенті Нұржан Муслимов және вице-президент Махметғали Сарыбеков құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде студенттер келген қонақтарға сұрақтар қойып, пікір алмасты.

"Жастар саясаты және тәрбие жұмысы" басқармасының басшысы Б.Бекназаров.