COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Адами капитал: заманауи трендтер» тақырыбында HR форум өтті

«Адами капитал: заманауи трендтер» тақырыбында HR форум өтті

Өңірдегі жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту және бизнеспен және мемлекеттік сектормен өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «АДАМИ КАПИТАЛ: ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР» тақырыбында HR-FORUM –ын өткізді.

Бұл форум заманауи тенденцияларды білуге, кадр саясатының алға қойған міндеттері мен басымдықтары туралы дұрыс түсінікті қалыптастыруға, компаниялар арасында коммуникацияны арттыруға, тиімді HR тәжірибелерді талқылауға бірегей мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда барлық оң өзгерiстiң негiзi - адам капиталы. Ал сол активтi құнды ететін, үздiксiз дамытатын қазақстандық жоғары бiлiм ошақтарында HR мамандарының дайындығы, HR оқу бағдарламалары сапалыма, заманауи үдерiс-талаптарға сәйкеспе, өндiрiс-әлеуеттi жұмыс берушiлермен байланыс тетіктері қандай, институт оқытушы-қызметкерлерін кәсiби дамуға ынталандыратын HR стратегиясы бар мадеген сауалдар қашан да күн тәртібінен түспейтіні анық. Бүгінгі өткен форумда осы және өзге де қызықты сауалдар мен тақырыптар арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен талқыланды.

Форум ІІ пленарлық сессиядан тұрды:

Мемлекеттік секторларға замануи HR

HR-брендинг

Келген қонақтар қатарында мемлекеттік мекемелер мен ірі компания басшылары бар. Атап айтсақ:

Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысының орынбасары – Құрманбеков Серік Сәтбекұлы;

Жамбыл облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы – Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы;

Тараз қаласының білім бөлімі басшысы - Қожамжарова Раушан Пернешовна;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - Шарипов Руслан Шамелұлы

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы - Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы;

«Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тараз қаласы бойынша Мансаптық орталық филиалының жұмыс берушілермен байланыс жасау бөлім басшысы - Бораншы Еркебұлан Әміржанұлы;

Жамбыл облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Медиа және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы - Нарегеев Әлихан Бауыржанұлы.

«Қазфосфат» ЖШС Бас директорының кеңесшісі - Кулекеев Батырбек Абдрасилович;

«Банк ЦентрКредит» АҚ Тараз филиалының директорының орынбасары;

Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палата басшы орынбасары Пралиев Бақыт Мейірбекұлы

«Қазына Байзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры - Давлетбаева Гулнара Бекбергеновна;

«Қызметкерлерге қамқорлық танытатын тиімді жүйені қалай құрамыз?» деген сұраққа әр спикер өз тәжірибесіне сүйене отырып жауап берді. Білікті мамандармен жүздесуге келген оқытушылар, университет қызметкерлері мен форум қатысушылары көкейдегі көптеген сауалдарына жауап алды.

«Жоғары оқу орындарының HR командалары оң өзгерістерді қамтамасыз етуде маңызды тетік екенін бәріміз мойындаймыз. Оқытушылар, ға­лымдар, әкімшілік қызметкерлер – барлығы оқу орнының миссиясы мен стратегиясын, мемлекеттік саясат тұрғысынан жоғары білім мен ғылым алдындағы басты мақсаттарды жетік түсініп, сапалы білім беру үшін де HR менеджменті ынталандырудың, мотивациялаудың заманауи ерек­ше­ліктері мен үдерістерінен хабардар болуы уақыт талабы. Мықты HR-ы бар ұйым қай кезде де алдыңғы шепте болмақ»,-деп атап өтті өз сөзінде Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар.

Сондай-ақ, форум аясында жоғары білікті мамандардың қатысуымен семинар-тренинг те ұйымдастырылды. Мәселен, педагогика ғылымдарының кандидаты Кулизат Бақтыбаева форум қатысушыларына «Тайм-менеджмент - уақытты басқару өнері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Шара соңында, келген қонақтар арнайы алғыс хаттар мен марапатталып, естелік суретке түсті.