COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Алаяқтыққа қарсы күрес

Алаяқтыққа қарсы күрес

 

2024 жылдың 3 мамыр күні Сатпаев 1а ғимаратында акт залында студенттерге алаяқтық жолмен орын алған жол-көлік оқиғасына жақын туысының қатысы бар деген сылтаумен қоңырау шалу жағдайлары жиілеп кетті. Жамбыл облысының ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыс жасау схемасы және өзін алаяқтық қол сұғушылықтан қалай қорғау керектігі турасында тарқатып айтып берді. Әдетте алаяқ жәбірленушінің үй телефонына қоңырау шалады. Қазіргі кезеңде олар негізінен қарт адамдарды өз мақсаттарына пайдалануда, қариялар өте сенгіш және жақын адамдарын құтқару үшін соңғы ақшасы мен бар бағалы затын беруге дайын тұрады, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД КПБ басқармасының полиция қызметкерлері.

Алаяқтар топ болып жұмыс  жасайды, біреуі өзін ұлы, қызы немесе немересі ретінде таныстырып, жол-көлік апатына кінәлі болғанын айтады және одан әрі ақшамен көмектесуді сұрайды. Осы уақытта әңгімеге өзін құқық қорғау органының қызметкері болып таныстырған және мәселені "шешу" үшін ақша талап ететін басқа алаяқ қосылады. Осындай психологиялық тексеруден және жәбірленушілердің оларға ақша беруге келісім бергенінен кейін ақша алу үшін курьерлер жіберіледі. Олар бұл делдалдарды "Телеграмм" мессенджері арқылы, "Жұмыс іздеймін" қосымшасынан табады немесе жеткізу қызметтері арқылы тапсырыс береді. Телефон арқылы ақша сұрау талабы бойынша азаматтарды ақша бермеуге немесе аудармауға және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге айтты. Егер сіз туыс адамыңыздың қиын жағдайға тап болғаны туралы хабар алсаңыз, жақын адамыңызға немесе оның айналасындағы біреуге қайта қоңырау шалыңыз және сіздің көмегіңізге шынымен мұқтаж екендігіне көз жеткізуді деп толықтырды ведомство өкілі.