COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «БІЛІМДІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция

«БІЛІМДІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция

2020 жылдың 26-27 қарашасында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Сангмён университетімен (Оңтүстік Корея, Сеул), М. Рысқұлбеков (Бішкек, Қырғызстан) және Ташкент ұлттық аграрлық университетінің Нукус филиалымен бірлескен (Өзбекстан, Нукус) «Білімді жаңғыртудың жаңа кезеңі: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.
Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияның проблемалық саласы келесі мәселелерді қамтыды: жеделдетілген оқыту моделі; жаңа идеялар мен оқыту мүмкіндіктері; көптілді білім беру - әлемдік білім беру қоғамдастығына кірудің негізгі тәсілі; білім берудегі сандық технологиялар: проблемалар мен болашақ; білім беруді жаңартудың жаңа кезеңіндегі экономикалық мотивация мүмкіндіктері; жаңа кезеңдегі білім беру жүйесін модернизациялаудың құқықтық негіздері.
Онлайн-конференцияға әртүрлі елдердің (Германия, Корея, Польша, Грузия, Қырғызстан, Қарақалпақстан) өкілдері, жалпы саны 70-тен аса жоғары және орта оқу орындарының кәсіптік білім беру мекемелерінің ғылыми және кәсіптік-педагогикалық қызметкерлері, жұмыс берушілер қатысты. Жетпістен аса ғалымдар, шеберлер мен мектеп мұғалімдері жоғары кәсіби білім беру мен жалпы білім берудің өзекті мәселелеріне бағытталған өз баяндамаларын ұсынды.
Конференция бағдарламасына сәйкес пленарлық және секциялардың отырыстарында ғылыми баяндамалар тыңдалып, талқыланды. Конференция барысында қатысушылар жоғары білім беру жүйесінің бірыңғай мақсаты -адами капиталды дамыту және ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру екенін баса айтты.
Конференцияға қатысушылар тек секцияларда ғана емес, сонымен қатар пленарлық отырыстың жұмыс барысында жоғары белсенділік көрсетіп, спикерлерді қызықтыратын сұрақтар қойып, жоғары дайындық пен қызығушылық танытты.
Конференцияға қатысушылар Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты - жаһандануды ескере отырып, нарықтық экономика жағдайында сапалы қайта құруды қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Конференция соңында барлық қатысушылар бір-біріне, сондай-ақ конференция ұйымдастырушыларына қоғамдық игіліктер тілей отырып, алғыстарын білдірді.
Конференция нәтижесі ретінде конференцияның материалдар жинағы шығарылады.


Ұйымдастыру комитеті