COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Филология ғылымы: инновация, философия және саяси-әлеуметтік мәселелер» атты тақырыпта Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Филология ғылымы: инновация, философия және саяси-әлеуметтік мәселелер» атты тақырыпта Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Филология» кафедрасының ұйымдастыруымен 2020-жылдың желтоқсан айының 10-11 жұлдызында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Аймақтық менеджмент академиясының (Павлодар) профессоры, ҚР журналистер одағының мүшесі Әбілов Меңдібай Әбілұлының 63 жас зейнет жасқа шығуына орай «Филология ғылымы: инновация, философия және саяси-әлеуметтік мәселелер» атты тақырыпта Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – Әбілов Меңдібай Әбілұлының әдебиет саласына қатысты ғылыми зерттеулерін, өзекті мәселелері бойынша пайымды тұжырымдарын негізге ала отырып, «Абайтану», «Филология ғылымының өзекті мәселелері», «Оқыту үдерісіндегі инновациялық технологиялар және оны қолданудың әдіс-тәсілдері», «Филология ғылымындағы философиялық, саяси-әлеуметтік ұстанымдар» бойынша тың баяндамалар жинақтау.

Пленарлық мәжілісте 5 баяндама тыңдалды.

1.Ахмет Өмірзақ – Халықаралық «Түркістан» газетінің Алматыдағы меншікті тілшісі, әдебиетші, ақын. Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері. Тақырыбы: «Абайға абай болмасақ...», Алматы қ.

2.Әлсейітов Мақсат – әдебиетші, жыршы-жырау. Тақырыбы: «Меңдібайдың қиссалары», Алматы облысы, Қарасай ауданы.

3.Мұқашев Темірбай Әліұлы – М.Х.Дулати атындағы Тaрaз өңірлік университетінің доценті, ф.ғ.к. Тақырыбы: «Балалар әдебиетінің жанашыр жоқтаушысы», Тараз қ.

4.Қайрулла Күнқожа – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі. Тақырыбы: «Хакім Абайдың музыкалық мұраларының жиналуы мен жариялануы», Алматы қ.

5.Тилеуишова Әсел – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Білім факультеті, «Филология» мамандығының 3 курс студенті. Тақырыбы: «Абай – қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы», Тараз қ.

"Филология ғылымы: инновация, философия және саяси-әлеуметтік мәселелер" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 80-ге жуық ғылыми мақалалар мен баяндамалар келіп түсті. Баяндамалар (Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Тараз «Болашақ» жоғары медициналық колледжі, «Болашақ» университеті, «Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі, Республикалық, қалалық және аудандық мектептер т.с.с.) келіп түсті.

Секциялық жұмыстар онлайн жүйесінде 3 бағыт бойынша жүргізілді:

1 секция – «Филология ғылымының өзекті мәселелері». Модератор: Пертаева Э.Қ. – ф.ғ.к., доцент;

2 секция – Оқыту үдерісіндегі инновациялық технологиялар және оны қолданудың әдіс-тәсілдері. Модератор: Беркенова Р.А. –ф.ғ.к., доцент;

3секция– «Филология ғылымындағы философиялық, саяси-әлеуметтік ұстанымдар». Модератор: Белботаев А.Б. ф.ғ.к., доцент;

Конференция соңында баяндамашылар университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Құрметті мүшесі Саурықов Ерболат Байұзақұлының алғыс хаттарымен марапатталды.