COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет

«Стандарттау және ветеринария» кафедрасы

МАЛИКТАЕВА ПЕРНЕКҮЛ МАЛИКТАЙҚЫЗЫ  

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., АМА профессоры

Байланыс телефоны: +7 702 107 28 44

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

 

 

 

 

Кафедра туралы

 

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы 2008-2009 оқу жылында Қ.А. Ясауи атындағы ХКТУ Тараз институтының «Жаратылыстану пәндері» кафедрасының негізінде құрылған.

Кафедрада 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау, 5В 012000 – Кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша бакалаврлар, 6М 073200 –Стандарттау және сертификаттау, 6М 012000-Кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша магистрлер дайындалды..

2017-2018 оқу жылында «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасы болып қайта құрылды.

Кафедрада 5В073200 – Стандарттау және сертификаттау, 5В120200 – Ветеринарлық санитария мамандықтары бойынша бакалаврларды және  6М073200 – Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша магистрлер дайындалады. Аталған мамандықтардың оқу процесін жүргізу үшін кафедра қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған, интернет желісіне тегін қосылған оқу залдары, 2 электронды оқу залы, 3 кәсіби зертханалары болды. 

2023-2024 оқу жылында «Стандарттау және ветеринария» кафедрасы болып қайта құрылды.

Кафедрада 6В07501- «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының бакалавриаты және 6В 09101  «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының бакалавриаты, 7М 07501 «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының магистратурасы бойынша мамандар дайындайды.

2023-2024 оқу жылдан бастап 6В07503 - «Стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау» және 6В09102 «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша талапкерлерді қабылдады.

Осыған байланысты Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ-да «Ветеринариялық медицина» бағыты бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларын шыңдау үшін «Ветеринария және мал шаруашылығығылыми-зерттеу орталығы» іске қосылды.

6В07503 - «Стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау» бағыты бойынша студенттерді дуалды оқыту және тәжірибелік дағдыдан өту үшін ZHAMBYL STANDART "Стандарттау, сертификаттау және метрология тобы" ЖШС-мен серіктестік келісім шарт жасалынды.

Қазіргі уақытта 6В075-Стандарттау, сертификаттау және метрология  бағыты бойынша 3 техника ғылымының докторы, 3 техника ғылымының кандидаты, 1 магистр және 2 өндірістен шақырылған мамандар дәріс оқиды. 6В09-Ветеринария бағыты бойынша 1 ауылшаруашылық ғылымының докторы, 2 ветеринария ғылымының кандидаты, 1 магистр, 2 маман және 3 өндірістен шақырылған мамандар дәріс оқиды.

Кафедрада «Сарапшы» үйірмесі жұмыс атқарады. Үйірмеге 40-қа жуық студенттер тартылған.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайындағы отандық білім беру жүйесінің басым бағыттарын ойдағыдай жүзеге асыруда ЖОО оқытушылары кәсіби шеберлігін, оқу-әдістемелік тәжірибелерін ұдайы жетілдіріп отырады.

Кафедра құрамы

 

Немеребаев Мухатай Немеребаевич

Байланыс телефоны: +7 777 335 20 65 

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Карынбаев Аманбай Камбарбекович

Байланыс телефоны: +7 701 720 11 21 

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Саржанова Кулдана Шаяхметқызы

Байланыс телефоны: +7 700 463 00 91

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Казакбаев Калмурат Момынкулулы

Байланыс телефоны: +7 707 717 01 08

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Абдибеков Бакытжан Тукенович

Байланыс телефоны: +7 707 624 14 66

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Шымыр Жалел Абдразакұлы

Байланыс телефоны: +7 707 277 41 71

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Мурзажанова Алтынкул Орынбасаровна

Байланыс телефоны: +7 747 209 12 04

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Амирова Маржан Асановна

Байланыс телефоны: +7 777 335 20 65

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Сайлаубек Таңшолпан Нұржауқызы

Байланыс телефоны: +7 747 192 57 36

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Нышанбек Айжан Қанатқызы

Байланыс телефоны: +7 702 850 76 93

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Білім беру бағдарламалары

 

«Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасы білім берудің келесі деңгейлері үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес бакалаврлар мен магистрлерді дайындайды:

Бакалавриат

6В07501 - «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»

6В09101 - «Ветеринариялық санитария»

6В07503 - "Стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау (салалар бойынша)"

6В09102 - "Ветеринариялық медицина"

Магистратура

7М07501 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»

7М07502 – «Сатандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»

Кафедрада 6В07501-Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), 6В09101-Ветеринариялық санитария және 7M07501 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) (ғылыми-педагогикалық бағыт), 7M07502 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) (бейіндік бағыт) Білім беру бағдарламалары даярланады. Аталған БББ-на 1 ғылым академигі, 2 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаттары, 2 магистр, 4 білікті мамандар және 5 өндірістен арнайы шақыртылған мамандар дәріс оқиды. Кафедрада екі ғылыми зерттеу жұмыстары атқарылуда. Зерттеу жұмыстарына кафедраның ПОҚ-ы, студенттер мен магистранттар қатысуда. 1. Перспективалық тақырып: «Отандық және импорттық тауарлардың және көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникасы мен технологиясын жетілдіру (сала бойынша)». Жұмысты орындау мерзімі 01.2019-12.2022ж. Тіркеу № 0119РКИ 0033 2. «Паразитологические исследования скота на инвазионные болезни» Типтік келісім-шарт №21/01 24.12.2019ж. Жұмысты орындау мерзімі: 24.12.2019ж-20.12.2022ж. Ғылыми зерттеу жұмыстарының есептері мен нәтижелері (есебі, ендіру актісі, мақала) календарлық жоспар бойынша тапсырылып отырылады. «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының «Сарапшы» үйірмесінде «Стандарттау және сертификаттау» және «Ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша 20-ға жуық студенттер қатысады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының есептері мен нәтижелері (есебі, ендіру актісі, мақала) календарлық жоспар бойынша тапсырылып отырылады. Кафедра бітірушілерін жұмысқа қабылдаған кәсіпорындар мен ұйымдармен әріптестік қатынастарды кеңейту жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. Атап көрсетсек «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ЖФ директоры Мынбаев А.К. және «Ұлттық стандарттау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ директоры Ахметова Д.С. кафедрада қос қызметте жұмысқа алынды. Кафедраларда дуалды оқытудың элементтерін оқу және кәсіби практикаларға ендіру бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ЖФ АҚ мен және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ мен «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары үшін келісім шарт жасалды. Кафедра филиалы оқу үрдісінің жұмыс берушінің сұранысына бейімделуіне, мамандар дайындау бойынша БББ бірігіп жасауына, еңбек рыногын зерттеуге көмектеседі, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын ұйымдардың нақты сұраныстарына сәйкес жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. «КазСтИн» РМК Жамбыл филиалында кафедра оқытушылар оқу процессінен қол үзбей біліктіліктерін арттырып отырады, сонымен қатар аталған кәсіпорынмен түрлі іс-шаралар өткізіп отырады, сонымен қатар Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен де бірігіп түрлі байқаулар мен семинарлар ұйымдастырылып отырады 6В07501-Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) БББ бойынша мәліметтер Стандарттау және сертификаттау бойынша инженердің кәсіби қызметі бірнеше түрге бөлінеді: -өндірістік-техникалық; -ұйымдастырушылық; -ғылыми-зерттеу; -жобалық. Өндірістік-техникалық қызмет: -өнімнің сапасын арттыру бойынша шараларды жасап шығару және енгізуді; -қазіргі стандарттарды, техникалық жағдайларды жетілдіруді және стандарттар бойынша жаңа құжаттарды жасап шығаруды; -өнімді сертификаттауға және олардың қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келуінің құжаттарын тексеруді. Ұйымдастырушылық-басқарушы қызмет: -стандарттау мен сертификаттау бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыруды; -өндірісте қолданылатын стандарттар мен техникалық жағдайларды жүйелі тексеруді; -ұйымда бекітілген ережелер мен өнімге қойылатын талаптардың орындалуын тұрақты бақылауды; -ақау деңгейін анықтау, оны жою мен болдырмау шараларын қабылдауды; -дайын өнім сапасын бағалау әрекетін бақылауды ұйымдастыруды; -сертификаттау мен стандарттарды жасап шығаруға қажетті ұсыныстар мен техникалық тапсырмаларды құрастыруды; -сертификатталған өнімдерді, қызметтер мен жүйелердің инспекциялық тексерулерін ұйымдастыруды; -кәсіпорынға келіп түсетін материалдарды және дайын өнімді тексеру жұмыстарын бақылауды. Ғылыми зерттеу қызметі: -өнім сапасы мен техникалық процестерді зерттейтін теориялық модельдер жасап шығаруды; -сынақтан өткізу және өнім сапасына бақылау жүргізудің жоспарын құрастыру және жасап шығаруды; -сапаны басқару, метрологиялық қамтамасыздандыру, стандарттау және сертификаттау процестерін оңтайландыру және сараптама жасаудың мәселге бағытталған әдістерін пайдалануды қамтиды. Жобалық қызмет: -жобалық және техникалық құжаттаманы жасап шығаруды; -сапаны басқару, метрологиялық қамтамасыздандырудың және стандарттаудың жаңа әдістерін жасау немесе бар әдістерді жетілдіру бойынша жоба құруды; -мәселені шешудің ең тиімді жолын таңдауды; -мақсатында инновациялық техникалық және технологиялық шешімдерін жасап шығаруды; -техникалық жағдайларды, стандарттарды, әдістерді және нұсқауларды жобалауды қамтиды. Мамандықтың артықшылықтары мамандық бойынша диплом өнеркәсіптің кез келген саласында, ғылым саласында, яғни өлшеу құралдары бар кез келген салада жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл мамандық халықаралық компанияларда жоғары сұранысқа ие. Жұмыс орны -стандарттау, метрология және сертификаттау орталықтары; -сынақ зертханалары; -тауарды сараптамадан өткізу мекемелері; -өнім сапасын бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (сауда инспекциясы, санэпидбақылау, гостехбақылау); -тұтынушылардың құқығын қорғау мекемелері; -өнімнің жаңа түрін енгізуші кез келген ұйымдар; -кез келген өнеркәсіпте сапа бойынша менеджер; -кеден қызметі, салық полициясы, патенттеу бюросы. 6В09101-- Ветеринариялық санитария БББ бойынша мәліметтер 6В09101-- Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары білікті ветеринариялық-санитарлық дәрігерлерді даярлау. Негізгі мақсат - биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою мәселелерін зерттеу. Осыған орай, білім беру бағдарламасының мазмұны Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамасының және халықаралық ветеринарлық ұйымдардың (ХЭБ, ФАО, ДДСҰ және т.б.) талаптарына сәйкес биологиялық және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін жүзеге асыру бойынша білім мен практикалық дағдыларды алуға бағытталған. Біліктілігі және лауазымдар тізбесі: Осы білім беру бағдарламасының түлегіне 6В09101 «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. 6В09101- «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша оқу мерзімі – 5 жыл, оқу түрі – күндізгі, орта арнайы білім негізінде қашықтықтан оқыту, оқу мерзімі – 4 жыл; Жоғары білім негізінде оқу мерзімі – 3 жыл, оқу түрі – күндізгі, 6В09101- «Ветеринариялық санитария» мамандығы бакалавриат бітірушілердің біліктілігі және лауазымы, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-п-м (мем. тіркеу. МЮ РК от 25.06.2012 ж. №7755, өзгерістермен 17.04.2013 ж.) бұйрығымен бекітілген «Мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік кестесіне» сәйкес анықталады. Білім бері бағдарламасының квалификациялық сипаттамасы: Ветеринариялық санитарлық дəрігердің кəсіби қызметің аясы: Бұл бағыттың түлектері: -агроөнеркәсіптік кешендегі экономика салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; - материал жинау және ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргізу - жануарлардың инфекциялық ауруларын балау, алдын-алу жəне жою; - жануарлардың жұқпалы емес жəне инфекциялық ауруларына қарсы жалпы жəне алдын-алу шараларын ұйымдастыруын жоспарлау жəне ветеринарлық шараларды ұйымдастыру; - мал шаруашылық жəне жануартекті шикізатқа жəне өсімдік текті өнімдерге ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізу; - жануартекті жəне өсімдіктекті шикізат пен өнімдерге өндірісте, тасымалдауда, сатуда ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізу; - жалпы адам мен жануарларға ортақ (антропозооноздар) жануартекті өнім мен шикізат арқылы таралатын аурулардан ескерту; - адам мен жануарларға ортақ ауру қоздырғыштарының енуінен, сондай-ақ жануартекті шикізат пен өнімдер импорттау кезінде аса қауіпті зооноздардан мемлекет аумағын қорғау; - жарамсыз өнім мен шикізат арқылы таралатын ауру қоздырғыштарынан қоршаған ортаны қорғау -ветеринариялық биологиялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және бақылау; -халыққа ветеринария мәселелері бойынша кеңес беру қызметін ұсынады -эпизоотиялық мониторинг жүргізуге қатысуға -ветеринарлық медицина саласында зерттеулер жүргізуге қатысады -қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халық арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады -жануарлардың, құстардың және балықтардың жұқпалы және инвазиялық ауруларының, сондай-ақ антропозооноздардың таралуын болдырмауға бағытталған алдын алу жұмыстарына қатысуға - Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы халықаралық конвенциялардың талаптары бойынша міндеттемелерін орындауға ықпал етеді және т.б. - зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдесу - жұмыс берушілерді тарту, зерттеу жүргізу үшін серіктестер табу - балық өнімдерін, құс, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және сату кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын бақылау Кəсіби қызмет нысандары: - жануартекті жəне өсімдіктекті жануар азығы мен тағам өнімдерін сату, сақтау, қайта өңдеу, өндіру кəсіпорындары; - ішкі сауда орталықтарындағы ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханасы; - мемлекеттік кеден қызметінің бақылау-жіберу пункт мекемесі; - биологиялық белсенді заттар мен биологиялық препараттарды өндіру жəне бақылау кəсіпорны; - жануартекті жəне өсімдіктекті өнімдерді, жануарларды тасымалдауда көлік заттары; - жануартекті жəне өсімдіктекті шикізат жəне дайын өнім, ара жəне балық шаруашылық өнімдері; - мемлекеттік жəне меншікті ветеринарлық профильді мекемелер, ғылыми-зерттеу институттары. - оқу орындары және әскери ветеринарлық қызмет

Біліктілікті арттыру

 

«Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамынның кәсіби біліктілігін арттыру бойынша үнемі жұмыс істейді. Кафедраның әрбір оқытушысы жыл сайын түрлі кәсіби курстарда, семинарларда, тренингтерде біліктілігін арттырады. 2019-2020 оқу жылында – 23 сертификат, 2020-2021 оқу жылында – 16 сертификат, 2021-2022 оқу жылында –20-дан астам сертификат алды. Ағылшын тілін оқытуға, оқытудың инновациялық әдістері бойынша біліктілікті арттыру курстарына және бейінді пәндер бойынша біліктілікті арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бірқатар пәндерді оқытушылар ағылшын тілінде жүргізеді.

Кафедра жетістіктері

 000000